filmov
tv
Вице-премьер шағын және орта бизнес ашуға несие берудің жаңа әдісін ұсынды
Показать описание
Биыл 20 мың адам жұмыс тауыпты. Бұл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде мыңнан астам инфрақұрылымдық жоба іске қосылғанының арқасы.
Бұл жайлы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты. Ал Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов шағын және орта бизнесті ашуға шағын несие берудің жаңа әдісін ұсынды.
Елімізде жұмыссыздық деңгейі соңғы екі жылда 443 мың адам болыпты. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өткен жылы «еңбек делдалы» ретінде 102 мың адамға екі қолға бір күрек ұстатқан. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына да қарқынды қаражат бөлініпті. 101 млрд теңге. «Дегенмен де осы қаржының жұмсалуын қатаң қадағалау қажет», – деді Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева. Бұған министрліктің айтар өз уәжі бар.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары
-Әрине біз өзіміздің тарапымыздан берілген қаражаттың оның мақсатты сапалы пайдалануына бақылау жүргіземіз. Бүгін айтылған сын мысалы, бір жоба іске асырылып жатыр. Мектепті жөндеп жатыр. Немесе мәдениет нысанын жөндеп жатыр. Соның жөндеудің сапасын тексеруге біздің министрліктің өкілеттігі шектеулі.
Вице-премьер әрі Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ұсынған сүт қабылдау пунктері мен бордақылау алаңдарын құру - ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруды несиелеуге бағытталады. Жоба жүзеге асса 3 жылда сүт қабылдайтын 668 орын ашылмақ. Шаруашылықтардан 380 мың тонна сүт жиналады деп күтілуде.
Осы арқылы сүт зауыттарының қуаттылығы 64 пайыздан 84 пайызға өседі. Бастысы 2100 жұмыс орны ашылады. Қазынаға жылына 1 млрд теңгеден астам салық түседі деп жоспарлануда.
Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
-Отбасылық мал бордақылау алаңдарын құрсақ, 32 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық жеке кәсіпкерлікке айналады. Сондай-ақ олар ай сайын 15-30 мың теңге көлемінде табыспен қамтамасыз етіледі. Үнемі қызмет ететін 65 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жергілікті бюджетке жылда 3 млрд теңге түсер еді.
Ендігі мәселе сүт өндіру мен мал бордақылау үшін 66,6 млрд теңге қажет. Асқар Мырзахметов жобаны жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бар қаражаты мен қоса «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі қаржысын тартуды ұсынды.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Азамат Сәметов

Комментарии