«Даму» қоры жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетпек

preview_player
Показать описание
«Даму» қоры студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетуге арналған жобаны жүзеге асыра бастады.

Олар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде болып, студенттерге кәсіпкерлік әліппесін үйретті. Арада жасалған келісімшарт бойынша аталған жоғары оқу орнының шәкірттеріне тегін дәріс оқиды.

Бизнес жоспар құрудан бастап несие алу жолдары мен бастаған ісін өркендету тетіктерін жан-жақты түсіндіреді. Ол – өз кезегінде жастардың орта және шағын кәсіпкерлікке бет бұруына негіз. Мәселен аталған университеттің ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің студенті Анар Себепова оқуын бітірген соң кәсіпкерлікпен айналысқысы келеді.

«Болашақта ветклиника, дәріхана және ветеринарлық зертхана ашсам ба деген ойым бар. Біз үшін жастарды қолдауға арналған осындай жобалардың пайдасы зор», – дейді ол.

Анар Себепова, студент

-Ешкімге тәуелді болғым келмейді. Өзім жұмыс жасап, өзім ақша тапқым келеді деген әрбір жастың мақсаты сол болар деп ойлаймын. Жалпы бұл семинардан бизнес-жоспар жасау, оны қалай жүзеге асыру керек, оның қандай қиыншылықтары бар және оның артықшылықтары туралы да бізге айтып үйретеді.

Толқын Ғатауова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО филиалының кеңесшісі

-Біз студенттердің кәсіпкерлік бастамасын қолдау мақсатында осы жобаны өткізіп жатырмыз. Өйткені қазір кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін студенттер өте көп. Осы семинар арқылы студенттер тегін оқып, үйренуге мүмкіндік алады.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Жастарға мемлекетпен бірігіп депутаттар да қол ұшын беруде

АйманСагатова
Автор

жастарға тек білім алу еліміздің болашағын ойлау

АйманСагатова
Автор

Қазір жан-жақты жастарды қолдап жатыр, қаншама мүмкіндіктер жасалып жатыр

АйманСагатова
Автор

Адам сенгiсiз окига екен тан калудамын!

ЕралыКошкаров-уо