2050 жылға дейін ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізу керек

preview_player
Показать описание
Халықты жаппай кәсіпкерлікке баулып, 2050 жылға дейін жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізу керек. Бұл – Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі.

Мемлекет басшысы еңбек етемін деген іскер азаматтарды мейлінше қолдау қажеттігін қадап айтты. Бұл – қаржылай және құқықтық көмек, салық жеңілдіктері.

Сондықтан кәсіпкерліктің сорпасында қайнаған кәнігі мамандар үшін өткір.

Қарағандылық кәсіпкер Гүлнар Смаилова үш жылда үш бірдей балабақша ашып, 760 бүлдіршінді бөбекжаймен қамтамасыз еткен.

Бұдан бөлек, 150 адамға жұмыс тауып берді. Бұл жетістікке ол мемлекеттік-жекеменшік әрістестік аясында қол жеткізіп отыр.

«Ең бастысы, енді бұл жүйенің екінші тынысы ашылып, одан әрі дамиды», – дейді іскер әйел.

Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандыру арқылы елдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қажеттігін қадап айтты.

Гүлнәр Смаилова, кәсіпкер

-Біз 2015 жылдың соңында қабылданған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» туралы заң бойынша жұмыс істейміз. Сөз жоқ, бұл өте жақсы заң. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көп. Бірақ кейбір заң актілері әлі де жетілдіруді талап етеді. Елбасы Жолдауынан соң осы заңға өзгерістер енгізіліп, ол нәтижелі жұмыс істейді деп сенеміз.

Жұртты жаппай бизнеске баулу да басым бағыттардың бірі. «Кәсібін дөңгелетемін деген талапты жанға барынша демеу жасалу қажет», – деді Президент. Ауылдағы ағайынға шағын несие әрі қаржылық сауатын арттыру да керек.

Игорь Коченко, кәсіпкер

-Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын кез келген кәсіпкер өндірген өнімінің қоймада қатталмай, өткенін қалайды. Яғни тауарға сұраныс қажет. Елбасы Жолдауынан соң бұл жұмыс бір жүйеге келеді деп сенеміз. Себебі шағын несиенің көмегімен жер-жерде түрлі кәсіпорындар көбейеді. Осылайша өнімге де тапсырыс артады.

Стратегиялық маңызы зор құжатта шағын және орта бизнеске тұсау болатын түрлі кедергілерді жою жайы да анық жазылған. Бұл энергетика, коммуналдық шаруашылық, көлік және логистика салаларына қатысты.

«Осы мәселелер шешілген күнде кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңейеді», – дейді бизнес өкілдері.

Осы орайда, мынадай сандармен бөлісе кетсем. Елімізде кәсіп ашқан азаматтарға былтыр 30 миллиард 8 миллион теңге шағын несие беріліпті. Бұл тек «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы. Ең белсенді аймақтардың көшін Алматы облысы бастап тұр.

Берілген шағын несиенің орташа көлемі 4 миллион 483 мың теңгеден астам. Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысы - 4 миллион 411 мың теңгеден астам.

Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде белсенділік байқалады. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында 3 жарым миллион теңгенің жеңілдетілген пайызбен қайтарымды қаражаты берілген.

Ал өзге аймақтардағы көрсеткіш орта есеппен 2 млн теңге шамасында.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев
Рекомендации по теме