filmov
tv
Экономиканың негізгі тірегі – шағын және орта бизнес
Показать описание
Сондықтан істің көзін тапқан азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – еліміздегі басым бағыттың бірі. Кәсіпкерлікті дамыту ісіне «Нұр Отан» партиясы да өзіндік үлесін қосып келеді.
Бүгін партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Даму» қоры өкілдері қатысуымен «Өз ісіңді қалай бастау керек» акциясы аясында бастаушы кәсіпкерлермен кездесу күні өтті.
Азаматтарға бизнесті бастау және жоспарлау туралы ақпараттық кеңес беріліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетіктері түсіндірілді.
Айта кетерлігі, былтыр партияның барлық аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, кәсіпкерлік мәселесі бойынша 2 мыңнан астам азамат қабылданған.
Ал биылғы қаңтар айы ішінде 150 адамға өз ісін дамыту бойынша тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары
-Өз ісін бастаймын деген адамдарға менің хабарым бойынша 20 миллиондай ақша алуға болады. Кейбір жерлерде мына кепілдік мәселесі күрделі болды. Ал енді «Даму» қоры қазір өзі кепілдікке кейбір пайызын өздері алып отыр. «Нұр Отан» партиясы болғандықтан6 соның бағдарларын, жолдарын халыққа толық жеткізу – біздің мақсатымыз сол. «Даму» қорының өкілдері, банктің өкілдері барлығы келіп, бүгіндей сол кеңесті берсе дейміз.