Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған сауда алаңын ашу ұсынылды

preview_player
Показать описание
Тікелей инвестициялық қорлардың операторы «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясы шағын және орта бизнес субьектілеріне арналған биржалық және биржадан тыс сауда алаңын ашуды ұсынып отыр.

Бүгін Алматыда өткен арнайы жиында шетелдік инвесторлар, кәсіпкерлер мен Қазақстан қор биржасының өкілдері осы мәселені талқылады.

Экономиканы дамытудың негізгі күші ол – шағын және орта бизнес. Бірақ Қазақстандағы маңызды саланың әлі күнге дейін инвесторларды тартуға арналған өз алаңы жоқ. Сарапшылардың айтуынша, шағын және орта бизнестің банк секторынан бөлек, тікелей инвестициялық қорлар үшін де тартымды жобалары жеткілікті.
Рекомендации по теме