Бизнесті неден бастаған жөн?

preview_player
Показать описание
105 мемлекеттің өкілдері «ЭКСПО» көрмесіне қатысып қана қоймай, біздің елдегі бизнес ахуалмен жіті танысуға мүмкіндік алады. Қазірдің өзінде араларында CMI Group секілді Қазақстанда ісін дөңгелетуге ниеттілері көп.

Жалпы ел аумағында ашылып жатқан ірілі-ұсақты өндіріс орындары аз емес. Ал бизнеске енді ғана бет бұрып жатқандар тіпті көп. Мемлекет тарапынан оларға қандай жеңілдер қарастырылған? Бұл сауалға Экономика айдарында әріптесіміз Гүлмайра Қуатбақызы жауап береді.

Жүргізуші:

-Бизнес-жоспарды қалай дайындаған дұрыс?

Гүлмайра Қуатбақызы, тілші

-Бизнес-жоспарды жасамас бұрын, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, кеңес алғаны жөн. Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары еліміздің барлық өңірінде бар. Әуелі ол жерден қандай өнім немесе қызмет түрлеріне сұраныс жоғары екендігін білген жөн. Яғни нарықты зерттеп алған дұрыс. Содан кейін орталық мамандары болашақ кәсіпкерге бизнес-жоспарын жасауға көмектеседі.

Осы тұста айта кетерлігі, елімізде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 млн-ды еңсерді. Тап осы салада нәпақасын тауып отырған азаматтар өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан.

Ал Doing Business рейтингі бойынша, еліміз бір жылда 6 сатыға көтерілген-ді. 190 елдің арасында 35-ші орынды еншіледі.

Бизнесті жүргізуге ең қолайлы елдер көшбасында Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания болса, Беларусь, Армения, Ресей елдері Қазақстаннан кейінгі орындарда.

Жүргізуші:

-Бір жылда 6 сатыға көтерілу, әрине, өте жақсы көрсеткіш. Гүлмайра, жалпы бизнесті неден бастаған жөн? Қай салаға қаржы салған ұтымды?

Гүлмайра Қуатбақызы, тілші

-Азаматтардың басым бөлігі бизнесін сауда-саттықтан бастайды екен. Өзінің шетелден тасымалдап жүрген тауарының үлкен сұранысқа ие екендігіне көз жеткізгендер түбінде тап сол өнімді өндіруге бел буатын көрінеді. Сала мамандары: «Қаржыны қайта өңдеу, туризм сынды толық игерілмеген салаларға салған жөн. Және өндіріске бағытталған қаржы бірден ақталмайтындығына дайын болу керек», – дейді.

Әр кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 4,5 млрд-қа жуық, ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1 млрд 850 млн теңге шамасында несие ала алады. Кепілдеме мөлшері 180 млн 3 жылға дейін 7-10 пайыз көлемінде субсидия беріледі.
Рекомендации по теме