filmov
tv
Ильдегиз туралы
Показать описание
Әзірбайжан атабектерінің негізін қалаушы - Ильдегиз туралы не білеміз?
Әзірбайжанның ұлы атабегі Шамсад-дин Ильдегиз туралы көптеген деректер оның қыпшақ текті ғұлама, түркі баласы екендігін айтады. Ол ортағасырдағы түркілік Ильдегиз династиясының негізін қалап, мұсылман әлемінде өзіндік орнын қалдырған ұлы қолбасшы.
Әзірбайжан атабектерінің исламның Кавказдағы иелігін күшейіп келе жатқан христиандық Грузиядан қорғап қалуда орны ерекше болды. Осы шабуылдың өтінде Ильдегиз атабек тұрды. Бүгінгі «тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасының кезекті 20-шығарылымында Ильдегиз атабек туралы сөз етпекпіз.
Өткен тарихқа сыр шертер болсақ, ортағасырлық Иранда түркілік атабектер мемлекетінің кезеңі пайда болды. Ол уақытта әлсірей бастаған селжұқтар билігінің артын ала орнаған атабектер үстемдігі Ирандағы саяси-діни, мәдени ахуалдарға айтарлықтай ықпал етті. Атабектер мемлекеті жалпысы Иранның солтүстігі мен Әзірбайжанда біраз жыл билік құрды.
Атабектердің сұлтанына құл ретінде келген Ильдегиз Сұлтан ІІ Тоғрұл кезінде оның жеке мәмлүктеріне қарамағына өтіп, қызметі тез өсе бастайды. ІІ Тоғрұл өлген соң, Ирандағы сұлтан Масуд әмір Шамсад-дин Ильдегизді Тоғрұл жесіріне үйлендіреді. Кейін Масуд атабек Арран өлкесін беріп, кейін біртіндеп бүкіл Әзірбайжанды алады.
Толығырақ Әзірбайжан атабегі туралы төмендегі видеожобамыздан көрсеңіздер болады.
#Бабаларізімен #СапарЫсқақов #Дештіқыпшақ #тарихтағылымы

Комментарии