Теркен хатун

preview_player
Показать описание
Түркі халықтарында қаңлылардың (қыпшақтардың) да атқарғаны рөлі зор болды. Қаңлы (қыпшақ)тайпасынан шыққан, Хорезм мемлекетіне өз ықпалын жүргізіп, даңқты қолбасшы атанған әйел патша - Теркен Хатун.

Теркен Хатун шын мәнінде Хорезм мемлекетінде өзінің ықпалын, қажет десеңіз билігін жүргізіп отырды. Көзі ашық, көкірегі ояу болмаса, ол күйеуі Текеш ханға да, ұлы Мұхаммед Хорезмшахқа билігін жүргізе алмас еді. Оның үстіне ХІІ ғасырда Хорезм билеушілері қалыңдықты қаңлылардан (қыпшақтардың)алу дәстүрі орныққан болатын. Бұл да Теркен падишаның ықпалын күшейте түсті.

Өздерінің әйелдеріне «Хатун» деген атақ беріп, сол елдің падишасы санаған. «Тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасында алаштың анасына айналған, даңқты басшы Терхен хатун туралы баяндаймыз.

Хорезм мемлекетінде Теркен Хатунның билігі ерекше болды. Оның шахтарға ғана тиесілі болатын сарайы, әскері, аула шаруашылығы болды.Теркен Хатун өзінің аса зор ықпалын пайдаланып, қыпшақтарды сан рет қырғыннан құтқарды. Білек күшімен емес, ақылымен, шешен тілімен дегенін істеді.

Толығырақ алаштың анасының қыпшақтармен байланысы туралы видеожобамызда баяндаймыз. Көріп, тұшынып, өз ойларыңызды бөлісе отырсаңыздар, мархабат!

#Бабаларізімен #Тарихтағылымы #СапарЫсқақов #Дештіқыпшақ
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

ОТЫРАРДЫ ЖАНЫН САЛЫП ҚОРҒАҒАН ҚАҢЛЫ ҚАЙЫРХАННЫҢ ӘПКЕСІ БОЛҒАН.

МаратБайтугелов-эи
Автор

Мен Теркен хатунды Канлы тайпасынан деп окыганмын.

БауыржанТайгулов
Автор

Қаңлы Хорезм мемлекеті! Ее-е, КО- дағы өскен адам шынайы Қазақ елінің тарихын жазалмайды! ҚыпСақ мемлекеті құрулғанда, 50-60% құраушылар Қаңлы мемлекетінен қалған Қаңлылар болған. Олар: Қаңлы Хорезм, Қаңлы Оғыз, Қаңлы Селжүк, Қаңлы Бәженек( Печенег), Қаңлы Сақа( Яқут), Қаңлы Қанты Мансі, т.б.
ҚыпСақ ол бірлестік онымен тең тек қана ҚаСақ- бүгін Қазақ боп кеткен!!!

daubos
Автор

Бўлиниб шаҳарлар ҳимоя қилинсин деган идеяси Чингизхонга қўл келган. Оқибатда империя босиб олинди, неваралари ўлдирилди, келинлари ва ўзи Монголияда ўлиб кетди. Жалолиддин Манкбурнига бўйин эгмагани учун ўз бошини еди.

odilbekb-sarkaev