filmov
tv
Қайыр хан
Показать описание
Ортағасырда Отырар қаласы ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан тарихи кітапханада Отырарда болды. Шыңғысханның заманында қала жермен-жексен болып, қиратылып, әлемге белгілі кітапханасы өртелді.
Моңғол шапқыншылығы кезінде Отырар қаласының билеушісі, Хорезм билеушісіне қызмет еткен қыпшақ тайпасынан шыққан Қайыр хан болды. «Тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасында Қайырхан туралы естелік айтақпыз.
Өткен тарихқа үңілер болсақ, XIII ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы Мұхаммед Қарақорымға жедел түрде екі елшілік аттандырды. Ол елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да өз тарапынан Хорезмге елшілік аттандырды. Екі жақты келісімдерден кейін көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адам бар сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келіп жетті. Саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп есептеген Қайырхан керуенді тонап, адамдарын қырып тастады.
Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, бірақ Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтірді. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісуарқылы Сырдарияға келіп жетті. Отырарға таяғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды. Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Қорғаныстың 5-айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб 10 мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жіберді. Толығырақ Қайырхан туралы төмендегі видеожобада
#СапарЫсқақов #Дештіқыпшақ #Бабаларізімен #Тарихтағылымы

Комментарии