Әлди әлди бөбегім / ақ бөпем / алди алди

preview_player
Показать описание
Томпи арнасы назарларыңызға балаларға арналған әлди әлди 2 бөбегім әнін ұсынады. Бесік жыры. Алди алди ак бопем
Орындаған: Әсем Нурланқызы
Сөзін жазған: Балнұр Осанова
Режиссері: Береке Жунисов
Композитор: Бек Абдірахманов

Әннің мәтіні. (Текст песни)

Атасының бұзығы
Апасының қызығы
Балдай тәтті балапан
Балдан тәтті қылығы

Еркелейді тынбайды
Ертегіні тыңдайды
Ата-әже өсірген
Балапандар сынбайды

Қайырмасы:

Дұғамда өзің, жыр әнде өзің
Қуаныш көзім - Алтыным

2. Балапаным алтыным
Шын бақыттан балқыдым
Кіп-кішкентай періштем
Балапаным, бал күнім

Ұрпағымсың-ұлы әнсің
Ерекше боп тұрарсың
Өсіремін сеніммен
Есті болып шығарсың

Қайырмасы:

Тілегім өзің, тірегім өзің
Тіледім өмір - Алтыным

3. Атасына алданыш
Әжесіне балдай күш
Анасының мақтаны
Әкесіне таңданыс

Тәтті болған балдан да
Болған біраз арманда
Дәл өзіңдей балапан
Табылмас-ау жалғанда

Қайырмасы:

Жұмағым өзің, бұлағым өзің
Сұрадым өзін - Алтыным
Рекомендации по теме