Әлди әлди | Колыбельная | қазақша ән бесік жыры караоке | Мультфильм

preview_player
Показать описание
Әлди, әлди, әлди, әлди, ұйықта құлыным!
Жүгіресің, бүлдіресің, былдыр жыр тілің.
Жүрегімнің қуанышы, бағым, бір гүлім.
Жұмағымсың, бұлағымсың, менің бұлбұлым!

Ұлы Абайдай дана болшы, дара бол, жаным
Ахметтейін елді ағартып, аға бол, бағым!
Иманыңда бекем болшы, пана бол, бағым.
Нұрағаңдай ел басқаршы, жана бер жалын

Әлди, алди, ұйықтай қойшы менің алтыным!
Шын күлесің, жүгіресің, бағым, жарқыным!
Артымдағы ізім өзің, көзім де өзің,
Сендік үнмен, тәтті тілмен шындап балқыдым!

Әлди, әлди, алди, алди, ұйықта құлыным!
Жүгіресің, бүлдіресің, былдыр жыр тілің.
Жүрегімнің қуанышы, бағым, бір гүлім.
Жұмағымсың, бұлағымсың, менің бұлбұлым!

Бесік жыры әлди әлди томпи арнасында караоке
Рекомендации по теме
visit shbcf.ru