Райымбек Нысанбек - Ер жеттім әке

preview_player
Показать описание
Raiymbek Nysanbek - Er jettim ake (clip)

Көшіруге және қайта таратуға қатаң тыйым салынады.
© 2023 Райымбек Нысанбек
Барлық құқықтар қорғалған.

#РайымбекНысанбек #ЕрЖеттімӘке #Клип
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Жатқан жерің жанната болсын жан әкешім

УмитДинбаева
Автор

Әке рухың мәңги шат болсын
Топырағың асыл торқа болғай
Қатты ғана қара жер пахта болғай әкежан

DgxgShhdh
Автор

Авторларына лайк!🔥
Әні: Жолдасбек Әбдіханов
Сөзі: Саят Әбенов

sayat-abenov
Автор

Тұған Әкем, анам екеумізді мен 1жас кезде тастап кеткен! Шамалы уақыт өтіп анам екінші рет тұрмыс құрды! Кәзіргі әкем дүниедегі ең жақсы ӘКЕ. Барша қалауымды, тілегімді орындап абыроймен тұрмысқа берді! Алғысым шексіз Әкеме!!!

ЛаззатШакатаева-ит
Автор

Әкенің орны бөлек, үш жыл болды.Жатқан жеріңіз жайлы топырағыңыз торқа болсын.Сағындым әкешім сізді

МуратИлеуов-иж
Автор

Әні: Жолдасбек Әбдіханов
Сөзі: Саят Әбенов

Ойланып кеттім ағарған шашын көрдім де,
Балалықпенен байқамаппын-ау мен мүлде…
Өмірге сонда жастығын ұрлап жүзінің,
Қап-қара шашын ағарту үшін келдім бе?

Қиналар іштей өзімен өзі күрсініп,
Қажытты білем үйдегі бітпес тіршілік.
Мен жаққа кейде үмітпен қарап қояды,
Өскенде жеміс жегізер ме деп бұл шыбық.

Ер жеттім, Әке, сенімің енді ақталар,
Боламын балаң әркімге ертең мақтанар.
Бүгінгі уайым, бүгінгі қайғың болған ұл,
Бір күні сенің басына қонган бақ болар!

Өмірде мынау өзіңсің жалғыз тірегім,
Шытсаң да қабақ көңілің жылы білемін.
Бақытты жанмын, себебі, сендей әкем бар,
Сен болсаң әке – әкесіз өскен ұл едің…

Әкені көрмей әке болуың оңай ма,
Мұңданып талай шомылдың үнсіз көп ойға.
Ақылың – айна бойымды түзеп алатын,
Қоямын сүртіп шаң басып қалса сол айна!

ЕржанКабдымажит-ьф
Автор

Әкемді қатты сағындым, жаныңыз жанатта болсын, мен сизді катты жаксы көрем😢😢😢

СаматКиниятов-хи
Автор

Мен Монголия Бай-Өлкеде тұрам 3жасымнан анамыздан айырылып қалғамыз 3 әпкем үшеүіде тұрмыс құрып кеткен мен 6 жасымнан бері әкем екеміз ғана тұрып келдік осы кезде 20ға толдым құдайға шүкір бірінші Алланың екінші әкем арқасы

ВайндарБаян-Өлгий
Автор

Уа Алла, Әкемнің жатқан жерін жайлы топырағын торқалы қыл, біліп білмей істеген күнәлары болса кешіріп, жайын Жәннәтта қыла көр, Аумин

МҰСЫЛМАНҚАЗАҚ-рс
Автор

Барлық жылы лебіздеріңіз үшін рахмет.Маған тілеген тілектеріңізді сіздерге де тіледім❤️

raiymbeknyssanbek
Автор

Әкеме рахмет мың алғыс ❤ Анам тастап кетсе де ана орнына ана болып ешкімнен кем қылмай өсіргені үшін рахмет әкешім үмітіңізді ақтап грантқа түстім әке сізді жақсы көремін әке жаныңыз жәннатта болсын 💔😔❤❤🤗 Әкелеріміз аман болсыншы 100 жасасын😊

АйжамалАлибекова-лй
Автор

Оте магыналы, журектен журекке жеткен туынды.
Жарайсын, Райымбек!
Бииктерге самгай бер!
Аке кадирин багалайык, кадирлейик!

ЖаннаКамитова-хн
Автор

Әкемнің жатқан жері жайлы болсын.Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.

ЖаңылБ.А
Автор

Өмірде әкенің қолдауы өте қатты керек екен. Әке шешең жоқ болғасын жеткен жетістіктерің бекер секілді. Алдамшы өмір. Сен үшін ешкім шын қуанбайды солардан басқа

галымжанизимов-шф
Автор

Тірі жетім етіп тастап кеткеніңе рақмет әке....
Сенің істегендерің жазасын мен тартып жатырмын. Менің баламды да әкесі тастап кетті😢 менің не кінәм бар еді әке

nurnur
Автор

Бұл өмірде тірі жетім деген жақсы емес өлі жетім болсаң мейлі жасым 34 тен 35 ке кетті міне 25 жыл болды әкесіз тірі жетім атанғанымызға әкем бір хабар алып не жеп жатырсың не ішіп жүрсің ауырмадың ба денсаулығың қалай демеген бірде аш бірде тоқ өмір сүріп келем Құдайға шүкір орнында бар оңалар деген кәзір үйім мащинам жұмысым бар үйлендім 4 ұлым бар осы өлеңді естісем еркек болсамда жүрегім ауырады әкесі барларға қызыға қараушы едім 😢😢😢😢

hdhbhd
Автор

Эх Әкенің орны бөлек! 23 жыл жанымда жоқсың Әке 😢

arlan_
Автор

Жүректен шыққан ән жүрекке жетті! Ән мен әнші бір бірін дұрыс тапқан! Ақын мен композиторға мың алғыс осындай әнді жарыққа шығарған! Әкемізді тірісінде қадірлейік!

ТогжанАбдилла
Автор

Рахмет бауырым Керемет ән әкемді сағынып козіме жас келді. Әкенің орыны бөлекқой шіркін! Әкешім жаныңыз жәннәтта болсын, Аллам рақымына алсын, сіз керемет әкесіз Әкешім!

nurbekdjumagulov
Автор

Әкешім, қатты сағынып жүрмін сізді, төрт жыл өтті өзінсіз 😭 Жанын жаннаттың төрінде шалқысын, әкешім 🤲❤️

ZHannatik