Райымбек Нысанбек & Gibrat - Құдайдан үміт үзбеңіз! (Премьера песни 2023)

preview_player
Показать описание
#РайымбекНысанбек #Gibrat #2023

Райымбек Нысанбек & Gibrat - Құдайдан үміт үзбеңіз!

Тереңге тағдыр батырған кезде…
Адам боп тусаң ақылдан безбе!
Күйбең тірліктің,күйдіргі мұңы,
Күйдіріп жатырған кезде…
Қайғыңыз басқа он оралса да…
Жамау жүрегің жараланса да…
Қас-қағым сәтте жақын жандардың,
Бәрі алыс бола қалса да…
Жек көріп өмір сүрмеңіз!!!

Сүрінгеніңді қалайтындарға,
Сұқтанып көзін қадайтындарға.
Сынақ екенін біліп тұрса да,
Сыртыңнан күліп қарайтындарға…
Сыр бермес жолды іздеңіз!
Назарын саған бір уақыт бұрып,
Сындарға әбден шыңдатып тұрып.
Жаныңа жарты жұбаныш болар,
Тағы да келер бір бақыт күліп…
Құдайдан үміт үзбеңіз!!!

Уақыттың шығар алдан бір емі,
Үзілмес солай алдан күдері.
Аты айтып тұрған мына жалғанда,
Бәрі де жалған күледі…
Жылуы кетіп қалды ғаламның,
Үміт бар күтер алдыдан әр күн.
Сенсең өзіңе жеңесің бәрін,
Басында әрбір адамның.
Бақ пен сор көрші тұрады!!!

Booking: 8(702)293 65 55 Сырым
© 2023 Райымбек Нысанбек
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет кушти олен.Аллам сизге
Узак гумыр берсин.🎉

Нурбану-ць
Автор

Алланы да Адамды да өмірді де бір әнге сидырған Азаматтар көп көп рахмет. Өнерлерің өрлеи берсін. СӘТТІЛІК.

КуанышЧоиынбаев-оу
Автор

Керемет... шыңдай беріңіздер!!! Бұл әнді күнде бір рет тыңдаймын, жаным тынышталып. Ары қарай өмір сүріп келемін. Үмітімді үзбеймін...

gaukharamanbekova
Автор

Жаным сол недеген ән Куніне қайта қайта тыңдаймын Сынаққа толы өмиримде Алладан кушті ешкім жоқ тек дуғада болайық Еліміз тыныш болсын осындай бир туар ел Ағалары аман болсын Жаңа жаңа ән кутемиз Астана Астана ❤

БагилаШиринбаева
Автор

Керемет ән! 👍👍👍 сөзі жүрекке тыныштық сыйлайды

НурзиИстаева
Автор

Алладан ешқашан күдер үзбимің Алладан асқан құдірет жоқ❤

ГульзадаЕржанова-лд
Автор

Алла күннің 15 -і қараңғы болса, 15 жарық деген. Алланың өзіде рас, сөзіде рас. Алла қаласа 🤲 барі жақсы болады ИншаАллах 🤲🤲

МусаеваКарлыгашЖылбековна
Автор

Керемет❤❤❤Алладан асқан құдірет жоқ Аллаға сансыз шүкір🤲❤️

ГульзадаЕржанова-лд
Автор

Аллах мени жашоомдода бир кун келип жакшылык бактылуулук тынчтык ийгилик болор деп умутум узбойм😢❤

ТунукАбдикаримова
Автор

Сынакка түскендерге күш беретін ән, Рахмет бақытты болыңдар. Алла аманшылыгын берсін.

КуляшДосберген
Автор

Аллам! Сыңақтаң сүріндірмей өткіз. Сыңақ қа сыңбай көтере білу керек. Мәңгілік ештеңе жоқ. Бәрі уақытша. Қараңғы түннен кейін. Жарқырап Күн шығады😍❤️🫶

НазымИхсанова-фс
Автор

Өте керемет ән екен. Мағынасы терең. Жарайсыңдар азаматтар. Осындай әндерің көбейе берсін. Қаламдарың ұштала берсін. Алла күш, қуат берсін сендерге.

СултанМиркемелов
Автор

Керемет өлең. Тагыда осындаи . Манды өлеңдер көп болсын . Мыңда бір алғыс. 🎉🎉🎉

ЫдырысывоУмирали
Автор

Осындай мағыналы әндер қандай тамаша неткен керемет дауыс шырқай бер

МагашИсина
Автор

Ешкімде ауырма сыншы, сырқаты бар жандар жазылып кетсінші.

АлмаШалкеева-яр
Автор

Жарайсындар керемет дауыс мағыналы ән екен.АЛЛАДАН үмітіміз ді узбейміз барі жаксы болсыншы!

ЖамалханДиханова
Автор

Керемет ән екен. Мен де сынақ па или жаза ма білмим үстін де жүрмін. Алаяқ өтірікші суайт достармен адамдардан шаршадым. Алла ұлық құдыреті күшті. Сенемін Аллаға!!!

МаралНайзабекова
Автор

Алла тағалаға қиындық көрсе де, мойымай жүрген балама жолын ашсса екен деп дұға қылам. Алла баламның қателігін, кемшілігін кешірсінші

kazakhkazakh
Автор

Какая красивая песня! Казахские песни это шедевр каждая! Молодцы ребята🔥🔥🔥

НикаБриз
Автор

Тереңге тағдыр батырған кезде…
Адам боп тусаң ақылдан безбе!
Күйбең тірліктің, күйдіргі мұңы,
Күйдіріп жатырған кезде…
Қайғыңыз басқа он оралса да…
Жамау жүрегің жараланса да…
Қас-қағым сәтте жақын жандардың,
Бәрі алыс бола қалса да…
Жек көріп өмір сүрмеңіз!!!

Сүрінгеніңді қалайтындарға,
Сұқтанып көзін қадайтындарға.
Сынақ екенін біліп тұрса да,
Сыртыңнан күліп қарайтындарға…
Сыр бермес жолды іздеңіз!
Назарын саған бір уақыт бұрып,
Сындарға әбден шыңдатып тұрып.
Жаныңа жарты жұбаныш болар,
Тағы да келер бір бақыт күліп…
Құдайдан үміт үзбеңіз!!!

Уақыттың шығар алдан бір емі,
Үзілмес солай алдан күдері.
Аты айтып тұрған мына жалғанда,
Бәрі де жалған күледі…
Жылуы кетіп қалды ғаламның,
Үміт бар күтер алдыдан әр күн.
Сенсең өзіңе жеңесің бәрін,
Басында әрбір адамның.
Бақ пен сор көрші тұрады!!!*

жанзизи
join shbcf.ru