filmov
tv
Рахат-Би Абдысагин, Абайдың 175-жылдығы (2020)
Показать описание
Рахат-Би Абдысагин "Мәңгілік тамшысы" авторлық концертінен көрініс.
"Бис"-ке орындалған Абай "Көзімнің қарасы".
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры.
Алматы қаласы, 4 ақпан 2020 ж.
Абдысагин Рахат-Би Төлегенұлы (02.02.1999) – композитор əрі пианист, ең жас өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Ең дарынды өнерпазға» кубогымен марапатталған. Қазақстанда тұңғыш рет жүргізілген «100 жаңа есім» жобасының ең жас жеңімпазы.
«Қазақстанның Моцарты» атанған Рахат-Би 10 жасынан бастап бүгінгі таңға дейін екі опера, сонымен қатар симфониялық оркестрге жəне əр сынды камералық ансамбльдерге арналған 100-ден аса классикалық музыкалық туындылар жазған. Оның музыкалық шығармалары Прага, Лондон, Вена, Париж, Базель, Берлин, Мюнстер, Байройт, Франкфурт, Рогашка-Слатина, Кьоджа, Падуя, Бергамо, Грац, Мюрццушлаг, Аркей, Аликанте, Теулада- Морайра, Мəскеу, Санкт-Петербург, Омск, Томск, Красноярск, Киев, Ялта, Анкара, Стамбул, Каир, Амман, Александрия, Бейжін, Сеул, Нью-Йорк, Лос- Анджелес, Филадельфия, Балтимор, Нұр-Сұлтан жəне Алматының əлемдік концерттік сахналарында кеңінен орындалуда. Симфониялық оркестрлермен соло рояль партиясын өзі орындап, жеке жəне авторлық концерттер де беруде. Шығармаларының партитуралары «Verlag Neue Musik Berlin» (Берлин қ., Германия) жəне «Композитор» (Мəскеу қ., Ресей) сынды баспа үйлерінде жарық көруде.
Рахат-Би 13 жаста студент, 17 жаста магистрант атанып, П.И.Чайковской атындағы Мəскеу мемлекеттік консерваториясында стажировкадан өтіп 18 жаста магистрлік диссертация қорғады. Сосын Италияның үш бірдей атақты жоғары оқу орындарына: Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясына Master di II Livello (композиция), Чезаре Поллини атындағы Падуя консерваториясына Master in II Livello (фортепиано), жəне Рим қаласындағы Санта-Чечилия Академиясына Corso di Perfezionamento (композиция) докторантураға қабылданып, 20 жасында оларды үздік бітірді. Бұл Еуропадағы кəсіби музыкалық білімнің ең жоғары деңгейі. 14 жасында математика мен заманауи музыканың байланысын зерттеуге арналған «Mathematics and Contemporary Music» атты ерекше ғылыми жұмыс жазған. Басқа да ғылыми еңбектердің авторы. Ана тілімен қоса орыс, ағылшын, итальян, испан тілдерін де кеңінен меңгерген.

Комментарии