filmov
tv
РАХАТ-БИДІҢ 'ТАС-ТҮНЕКТІҢ АР ЖАҒЫ' ('ЗА ГРАНЬЮ ТЕМНОТЫ') СИМФОНИЯЛЫҚ АВТОРЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Показать описание
02.02.2020 Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында талантты композитор, вундеркинд, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Рахат-Би Әбдісағынның Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған "Тас-түнектің ар жағы" атты симфониялық авторлық кеші болып өтті.
Таланты мен еңбекқорлығы үшін жұрт «Қазақтың Моцарты» атап кеткен Рахат-Бидің бұл жолғы концерті де ерекше болды.
Кеште автордың «Time Run» (Уақыт жүгірісі), «The Will to Live» (Өмірге деген еркіндік), «A drop of Eternity» (Мәңгілік тамшысы), «Tears of Silence» (Тыныштықтың көз жасы), «Phantom reflections» (Фантомдық сұлба), «Kazakh rhapsody» (Қазақ рапсодиясы) және «Beyond the darkness» (Тас-түнектің ар жағы) атты шығармалары орындалды.
Шығармашылық кешке классикалық бекзат өнерді қадірлейтін көрермен залға лық толды.
Рахат-Би Алматыда 1999 жылдың 2-ақпанында дүниеге келген. Ол – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас лауреаты. Өнер иесі небәрі 13 жасында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға түскен. Ол аталған оқу орнымен бір уақытта Италиядағы Santa Cecilia Di Bergamo өнер академиясын тәмамдаған. 18 жасында өнертану ғылымдарының магистрі атанған.
Жас жігіт 10 жасынан бастап музыка жаза бастаған. Ол туындылары бүкіләлемдік қорға (Оңтүстік Иллинойс университетінің «Discography» оркестріне арнап фортепианомен орындалатын туындылар) кірген тәуелсіз Қазақстанның жалғыз композиторы. Дәл осы қорда әлемдік классиканың үздік үлгілері жинақталған. Онда Бах, Гайдн, Моцарт сынды заманауи классиктердің шығармалары бар.
Рахат-Би тек қана музыка емес, музыкатану оқулықтарын жазады. Ол небәрі 14 жасында «Математерика мен заманауи Музыка» ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. Сондай-ақ, ол «Үйлесімділік шегі» жинағының авторы.
Рахат-Би Әбдісағын – 100-ге жуық туындының авторы. Оның музыкасы Еуропаның барлық дерлік және Азияның кей елдеріндегі концерттік залдарда қойылады. Оның шығармаларының әлемдік тұсаукесері Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, Анкара, Ыстамбұл, Мәскеу, Рогашка-Слатина, Бергамо, Аркейе, Теуладе-Морайре, Алматы мен Астанада өткен.
Музыкант әрі композитор бірнеше шет тілін меңгерген. Ағылшын, итальян, сондай-ақ, неміс тілін үйрену үстінде.
#РахатБиӘбдісағын #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Комментарии