«Жас құтқарушы» қалалық жарысы

preview_player
Показать описание
Апта ішінде үздік жас құтқарушылар анықталды. Өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде «Батыр»балалар және жасөспірімдер клубында қалалық «Жас құтқарушы»сайысы болып өтті. Сайысқа Степногорск қаласы, кенттер мен ауыл мектептерінің 5 сынып оқушылары атсалысты.

Еркебұлан Есенжолов. Степногорск қ. ТЖБ бастығы

- Бүгінгі жарыстардың басты мақсаты балаларда төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілеттерін дарыту. Осындай жарыста алған білімдер іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өрт сөндіру және адамдарды құтқару үшін шапшаң, батыл болуды талап ететінін ұғындыру. Бүгінгі жарыстар жақсы деңгейде өтіп, тек жүйріктер озып шықсын- деген тілегін басқарма бастығы білдірді.

Жыл сайынғы игі дәстүрге айналған жарыс әттегідей 4 кезеңнен тұрды. Олар: Сәлемдесу, Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, Құтқару шеңбері және Жеңнен өту. Жас құтқарушылар өз күшін, тапқырлығын, ептілігін және шапшаңдығын көрсетіп бақты. Жастарғатөтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету және салауатты өмір салтын насихаттауға бағышталған мұндай сайыстардың маңызы орасан. Себебі әрбір азамат жеке қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне саналы және жауапкершілікпен қарауды ерте жастан үйренгені абзал.

Бұл жолғы сайыстарда өңіріміздің мектептерінен құрамында 60-қа жуық жасөспірімдері бар 13 команда бақтарын сынға салды. Жарыс қорытындысы бойынша 3-ші орын Қарабұлақ ОМ командасына бұйырды.

2-ші орынға №7 ОМ оқушылары лайық деп танылды. Барлық командалардан оза шауып, үздік шыққан №9 ОМ жас құтқарушыларына жеңімпаз кубогы және бағалы сыйлық табысталды.Барлық жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдар және тәтті сыйлықтармен қошеметтелді.

Сонымен қатар, бұл күні мектеп оқушылары арасында болып өткен арнайы сурет сайысы қорытындыланып, жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кеткен жөн, «Жас құтқарушы» жарысыСтепногорск қ. Төтенше жағдайлар басқармасы, №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және республикалық «Отан» ҚБ ұйымдастырылуымен жүзеге асырылды.

mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск
Рекомендации по теме