filmov
tv
Павлодарлық құтқарушылар әзірлікті пысықтады

Показать описание
Ертіс өңірі төтенше жағдайлар қызметінің құрылымдары көктемгі су тасқынын алдын алуға күшейтілген режимде дайындалуда. Мақсат – су басуы мүмкін ауыл-аймақты жіті бақылап, оқыс оқиға болса халыққа шұғыл көмекке келу. Павлодарлық құтқарушылар дайындық аясында материалдық-техникалық мүмкіндіктерін де пысықтады.
Ақмарал Есімханова, тілші:
-Биылғы жылы түскен жауын-шашын көлемі жылдағы мөлшерден екі есе асып кетті. Сондықтан қызыл су басуы ықтимал деген ауылдардың саны да артты. Мәселен, қазір қауіп тудыруы мүмкін деген 47 ауыл бар.
Көктемгі су тасқынына дайындық екі кезең бойынша жүргізіледі. Сақтық шаралары көктемнің алғашқы күнінен басталды.
Қуат Махметов, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға лейтенанты:
-Биыл қардың, жауын-шашынның мониторингі жүргізіліп жатыр. Ол нормадан екі есе артық. Авариялық құтқару қызметтерінің техникалары облыстың кез келген жеріне шығуға дайын.
Аймақта соңғы жылдары құтқаруға арналған арнайы техника базасын жаңартуға ден қойылған. Төтенше жағдайлар қызметінің иелігіндегі 500-ге жуық техника сақадай сай дайын. Бүкіләлемдік азаматық қорғаныс күніне орай арнайы техника құралдарының шеруі өтіп, жоғары деңгейдегі дайындығы паш етілді. Бірнеше күннен соң, бригадалар су басуы ықтимал елді мекендерде кезекшілікке кіріспек.
Ақмарал Есімханова, тілші:
-Айта кетейік, оқыс жағдай көрші аймақтарда туындап қалса, жергілікті құтқарушылар кез келген уақытта көмекке келуге әзір.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий