Next Genaration №10. Рахат-Би Әбдісағын - қазақтың Моцарты немесе жаңа буынның жасампазы

preview_player
Показать описание
Рахат-би Әбдісағын – пианист және жас композитор. Айтулы бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері. Музыка жазуды 10 жасынан бастаған. Бүгінде ол 100-ден аса музыкалық шығарманың авторы. Австрияның Грац қаласындағы Impuls Халықаралық композиторлар мен орындаушылар академиясында дәріс оқитын ең жас лектор. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

13 жасында студент болады, 17 жасында магистрант атанып, 18 жасында Римдегі Nazionale di Santa Cecilia Академиясының жоғарғы білім беру бағдарламасына оқуға қабылданады.

Рахат-би Әбдісағынның симфониялық туындылары мен камералық шығармаларын Еуропа, Азия және Американың ең үздік концерт залдарында ең атақты деген солистер мен оркестрлер орындайды. Рахат-Бидің туындылары АҚШ-тағы Оңтүстік Иллинойса Университетінің «Discography» оркестрі мен фортепианоға арналған шығармалар, әлемдік классиканың жауһарлары жинақталатын Дүниежүзілік қорға енді.
Рекомендации по теме