Ernar Amandyq - Meni kut | Lyric Video

preview_player
Показать описание
Ernar Amandyq - Meni kut / Ернар Амандық - Мені күт
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Мен кейде түсіне алмаймын осындай керемет туынды жазу үшін бір адамды қаншалықты сүю керек?😭😭❤️

aiaulymzhanaeva
Автор

Сағынып күн-түн демей ақылдым
Сені ойлап бүгін тағы жатырмын
Бейнеңді бұлттан, жұлдызбен жазып атыңды
Жүрегімнен жыр жазбаққа жол тауып
Алты тілді аспабымды қолға алып
Саған айтпаған сырларым соған жолданып

Солай менде ақылдым
Іштей тілеп жүрмін жақындық саған
Танытып кейпін кейде батырдың
Жетпей батылым
Сағындым деуге менде сені

Сенде жаным...
Жүрегімнің теңісің
Сүйсең мені шын
Өз-өзіңмен келісіп
Ішіңде сақта сырларыңды
Мен үшін, мен үшін
Сағынсаң ол менің жеңісім, жеңісім
Сенен талап етсем бола ма?
Тым жақын арада
Қолын созса бәз біреу
Оған мүлде жолама
Мені күт сәулем, мені күт

Жүргенде пәк күлкіңді естігім
Сенде мені ойлап жүр деп естідім
Сен жақтан жылы жел еседі бәсе кешқұрым
Адалдықтың туын көкке көтеріп
Ақ сезімнің түсірмедім еш құнын
Осылай міне өтуде менің бес күнім

Солай міне жақыным
Арада тұр алты шақырым ғана
Өр кеудемнің де жетпей батылы
Аяқ тартылып
Баруға күнде саған менің...

Сенде жаным
Жүрегімнің теңісің
Сүйсең мені шын
Өз-өзіңмен келісіп
Ішіңде сақта сырларыңды
Мен үшін, мен үшін
Сағынсаң ол менің жеңісім, жеңісім
Сенен талап етсем бола ма?
Тым жақын арада
Қолын созса бәз біреу
Оған мүлде жолама
Мені күт сәулем, мені күт

imknvv
Автор

Алматы -Астана бағытындағы поезд. Терезеге үңіліп кеттім, Бұлдыраған бейнелерге қарап алыстан бір сағымдарды қуалап ойға шомып кеттім. Тыныштық, тек жүрдек поездтің сылдырлаған үні ғана, санамда неше түрлі ойлар …армандар мен қиялдар кезек кезегімен көз алдымнан өтіп жатқандай, болашаққа деген іштей жақсы ойлар мен мақсаттарымды біріктіріп соған қарай жол салып қиялға ерік беріп келемін😊. Осы сәтте тыныштықты бұзып сырттан, көрші бөлмеден әдемі әуен естілді, Біздегі жол серіктер жас балалар екеен солардың демалатын бөлмелерінде осы музыка қосулы тұр.Үнсіз ғана осы музыканың әуенімен ойларымды жалғастыра бердім … Әуені ойымда қалып қалды. Дереу Ютубтан іздеп тауып қайталап тыңдап отырмын☺️🕊️

guldanaomirzak
Автор

“бәлкім біз жәй ғана сәйкессіз уақытта, сәйкессіз жерде кездескен болармыз… егер амалы болса міндетті түрде мені іздеп табарсың деп сенем❤️” 5/03 19.26

soul.nna
Автор

Досым соңғы күндері осы әніңді тыңдап, ауырып жүрмін
Әні, сөзі керемет үйлесім 👍
Осындай өрелі өлең, әуезді әндерің көп болсын ! 🎧🤍

barsqaba
Автор

Тыңдаудан жалықпайтын жүрек тыныштандырар дауыс пен ән🥹😍 бір күнде 100рет тыңдаған шығармен тек плейлистте осы ән тұр.

СамалСәдір-яи
Автор

Жылап болсаң су болған жастығыңды кері аудар да ұйқта, қалқам 🫂

tolebigalymovich
Автор

Осыы өлеңмен ауырып жүрмін🥹😍тындаған сайын ішімнен ерекше сезімдер жүреді, тындапп әуенге еркелеп кетемін, керемеетт🥰

aruzhanusen
Автор

Мен оның көздеріне еріксіз ғашық едім..бәз біреу қолын созып, кө алдымда жүрген ақ періштемді алып кетті. Жүректегі тулап тұрған сағынышпен өмір сүру ол өте ауыр сезім.Бұл ән жүректен жүрекке жара болып жете білді...
-шедевр❤

aibarzhauynger
Автор

Оны қайта есіме алдым
Түн 04:05

-шедевр ❤️

TurarQalym
Автор

Осы әуенге басым кетті. Бір күнде неше рет тыңдаймын. Осылай күт дейтін жан бар ма екен деп

ГулзираАхмедова-яя
Автор

Какая душевная песня. Талант.Казагым мактанышым❤

AikonyaErs
Автор

Жүректің емшісі!❤️‍🩹
Ән үшін рақмет!
Сені өзіне ғашық етіп, осындай әндердің шығуына себепкер болған МУЗАҢА да рақмет!🥹🫂

АружанАлмахан-лэ
Автор

Текс
Сағынып күн түн демей ақылдым
Сені ойлап бүгін тағы жатырмын
Бейненді Бұлтан.Жұлдызбен жазып атынды
Жүрегімнен жыр жазбаққа жол тауып
Алты тілді аспабымды қолға алып
Саған айтпаған сырларым соған жолданып
Солай мендн ақылдым
Іштей тілеп жүрмін жақындық саған
Танытып кейпін кейіп батырдын
Жетпей батылым
Сағандым деуге менде сені
Сенде мені
Жүрегімнін тенісін сүйсен мен үшін
Өз-өзінмен келесіп
Ішінде сақта сырларынды мен үшір мен үшін
Сағансан ол менін жемісем
Сенен талап етсем болама
Тым жақын арада
Қолын созса бәз біреу
Оған мүлде жолама
Мені күт сәулем
Мені күт



Жүргенде пәк күлкінді естігім
Сенде мені ойлап жүр деп естідім
Сен жақтан жылы жел естідім
Бәсе кешқұрдым
Адалдықтын туын көкке көтеріп
Ақ сезімнің түсірмедім еш құнын
Осылай міне өтуде менің бес күнім
Солай менде жақыным
Арада тұр алты шақырым ғана
Өр кеудемнің де жетпей баталым
Аяқ тартылып
Баруға күнде саған менің сенде жаным
Жүрегімнін теңісін
Сүйсен мені шын
Өз-өзінмен келісіп
Ішінде сақта сырларынды мен үшін
Мен үшін
Сағансан ол менін женісім
Женісім
Сенен талап етсем болама
Тым жақын арады
Қолын созса бәз біреу оған мүлде жолама
Мені күт сәулем

noorahyeah
Автор

Өте керемет өлең, адамға шабыт, сезім беред Ернар Амандықтың шығарған өленінің бәрі керемет ғой шіркін әр адамға ұнай береді, бүкіл өлендерің тындап отырамынғой❤️‍🔥❤️‍🔥

ЖанеркеНуртай-дс
Автор

Тыңдай бергің келеді екен осы бір әуенді 😍💔

ДинараД-ъо
Автор

Керемет, жарайсың Ернар, Алла жолыңды ашсын! Сенімен мақтанамыз👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽👍👍👍👍👍👍

ГулжанарЕргалиева-ов
Автор

өкінішітсі, Ернар Амандық керемет әндері бар болса да, underrated әнші :((

tunafishbb
Автор

Кейде әндер болады сондай
Іштей ойлайсың ау осы ән болмай тұрғанда қалай өмір сүргенбіз бұрын деп…
Щедевр сөз жетпейді тіпті сауатты орындаушылық гармония толған😍

Jahanger.Aldann
Автор

Жүректі тербейтін ән екен. Тик токтан тыңдап келгендер біргеміз😊

zhazira_baizhanovva