filmov
tv
Ұлы Жеңіске – 72 жыл

Показать описание
Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында алғашқы. Яғни соғыс ардагерлеріне берілген бірреттік жәрдемақының көлемі жөнінен көш бастап тұр. Биыл астаналық қарт майдангерлерге 500 мың теңгеден ұстатыпты. Ал Мәскеуде 171, Қырғызстанда 220, Өзбекстанда 256, Тәжікстанда 340 доллардан үлестірілген. Ең азы – Түрікменстанда, 26 доллар. Өткен жылы 57 доллар болып еді. Осы жолы осалдау. Әрине, нарықтық заман болған соң ақша турасында айтпасқа амал жоқ. Десек те сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен оғландардың ерлігі мен тылда жүріп тер төккен талайлардың еңбегі өлшеусіз. Ол байлықпен бағаланбайды. Ол тағзым ету арқылы таразыланады.
Осымен 72-мәрте Жеңіс күнінде қалың ел қан майданда қанаты қиылған батырларын еске алды. Басты жиын бас қаладағы «Отан қорғаушылар» алаңында өтті. Көпшіліктің ортасынан Елбасы да көрініп, монументке гүлшоғын қойды. Көзі тірі ардагерлерге алғысын айтып, жүрекжарды тілегін жеткізді.