ҰЛЫ ЖЕҢІС БАТЫРЫ - ЖӘЛЕЛ КӨБЕКҰЛЫ

preview_player
Показать описание
Әлемнің 72 мемлекеті қатысып, миллиондаған адамның өмірін қиған және талай бозбаланың жастық шағын ұрлаған Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Солардың бірі зеңбірекші атқыш - Жәлел Көбекұлы. Отты жылдарда жаудың танкілері мен басқа да техникаларын жайратып салған майдан батыры Германия жерінде Жеңіс жалауын көкке көтеріп, елге аман-есен оралған.

Нағыз батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, «Соғыс тәңірісі» атанған атасы Жәлел жайындағы естеліктерімен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Айжан Жәлел үлкен мақтанышпен бөлісті.

«Біз осындай бейбіт күнге оңайлықпен жеткен жоқпыз. Сондықтан, жас ұрпаққа үлгі болған – ардагерлерімізді құрметтеп, олардың аңсаған жеңіс күніне қалай қол жеткізгенін жадымызда мәңгіге сақтауымыз керек», – деп үндеу салған Айжан барлық жеңіс батырлары мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойымен құттықтады.
Рекомендации по теме