ҰБТ | ГЕОГРАФИЯ | 2-НҰСҚА | 4-СҰРАҚ | КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР

preview_player
Показать описание
Негізгі климаттық белдеулер- 4 ауа массалары типтерінің орналасуына сәйкес келеді . Экватор аймағында экваторлық климаттық белдеу орналасқан . Бұл белдуде жыл бойы экваторлық ауа массалары , төмен атмосфералық қысым басым болады . Күн көкжиектен жоғары тұратындықтан , мұнда бүкіл жыл бойы ауаның температурасы жоғары болады . Өрлеген ауа ағындары басым болатындықтан , сондай – ақ пассаттармен бірге ылғалды мұхит ауа массаларының келуі нәтижесінде экваторлық белдеуде жауын – шашын мол түседі . Тропикалық белдеулерде тропиктік ауа массалары , жоғарғы атмосфералық қысым , төмендеген ауа қозғалысы басым болып келеді . Жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары , ал қыста - салқынырақ болады . Тропикалық ауа массалары әдетте өте құрғақ болады . 10 – 12 км биіктікте ауа экватор аумағынан тропиктерге келгенде ылғалы едәуір азаяды . Ауа төмендей келе , қызады да , бұрынғыдан да құрғақ бола түседі . Жаңбыр – құрлықтағы жазықтарда ғана емес , тіпті мұхит үстінде де сирек кездесетін құбылыс . Қоңыржай белдеулерде қоңыр салқын ауа массалары мен батыс желдері басым болып келеді . Мұнда тропиктік белдеулерге қарағанда едәуір салқын . Жыл мезгілдері айқын байқалады . Жауын – шашынның жылдық мөлшері тұтас алғанда едәуір , бірақ олар әркелкі бөлінген . Материктердің батыс бөліктеріне жауын шашынның көп түсетіндігін картаға жасаған талдаудан көруге болады .Оларды мұхиттан бұл жерлерге теңіздік ауа массалары әкеледі . Шығысқа қарай бағытталған ауа ылғалынан айрылатындықтан , материктердің ішкі бөліктеріне жауын – шашын аз түседі . Мұхиттардың әсеріне байланысты материктердің шығысына жауын – шашын көп түседі .

Қазақстан Тарихы | География | Дүние жүзі Тарихы пәндерінен шағын тест-талдау сабақтары.

Сізден қажет шынайы ынта мен тұрақтылық...

Білімді адам-жарық шам секілді.🕯
Керек адам жазып алар, олай болмаса өз сөзім өзіме!

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.
(Ахмет Байтұрсынұлы)

Қандайда бір сұрақтар болса, төмендеде байланыс ақпараттары жазылған.

Реквизиты:
Kaspi: 8 (778)-296- 50 19
4400 4301 2900 4922

Halyk Bank: 8 (778)-296- 50 19
4405 6397 5137 2424
Рекомендации по теме