filmov
tv
'Дәрілердің іші бос капсулалар'. Компания өкілі бұған ресми жауап берді
Показать описание
Интернет желісінде тарап жатқан дәрілік препараттардың бос капсулаларына қатысты ақпарат шындыққа мүлдем сәйкес келмейді. Себебі, бауыр ауруына арналған капсулада дәрі ұнтағы болмайды, - деп біздің арнаға Санофи компаниясының өкілі арнайы сұхбат берді. Бірақ бұл пікірдің қаншалықты рас екенін анықтау мақсатында біздің тілшілер даулы препаратты дәріханадан сатып алып, құрамын тексеріп көрді.
«Бауыр ауруына арналған дәрі капсулаларының ішінде ештеңе жоқ, дәріханадан қомақты сомаға сатып алған дәрі түкке жарамайды» деген мазмұндағы мұндай бейнежазбалар интернет желісінде өріп жүр. Алайда, бұл ақпарат шындыққа сай келмейді, - дейді Санофи компаниясының өкілі.
ДЕНИС АСТАНИН, Sanofi компаниясының Орталық Азия аумағы бойынша қауіпсіздік жөніндегі директоры:
– Интернет желісінде тарап жатқан роликте көрсетілген ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Бұл препараттың дәрілік құрамы паста тәріздес қоймалжыңнан тұратындықтан, капсуланы ашқан кезде ұнтағы төгілмейді. Ішінде препараттың бар-жоғын білу үшін, капсуланы қысса болды, құрамын көресіз.
Естігеннен көрген жақсы. Өзіміз зерттеп көру үшін, бейнежазбада көрсетілген препаратты сатып алдық.
Яғни капсуланың бос болып көрінуінің бір себебі осы болуы мүмкін. Дәрі капсуласының жоғары жағында ешқандай дәрі ұнтағы жоқ. Төменгі жағында да ұнтақ жоқ. Тек балға ұқсайтын мынадай қоймалжың препарат салынған.
Капсула расында да бос көрінгенімен, сыртқы қаттамасын қысқан кезде ғана ішіндегі паста тәріздес қоспасы шығады. Ал, бұл препаратқа жауапты компания өкілдері, дәрі-дәрмек сатып аларда бірнеше қағиданы ескеру қажеттілігін айтады. Біріншіден, – дәрі дәрмекті тек дәріханалық желілерден сатып алу керек. Екіншіден, дәрі қорабындағы жазбалар мемлекеттік және орыс тілінде жазылады. Қорап ішіндегі қолдану нұсқаулығындағы жазба реті де осылай болуы міндетті. Төртіншіден, дәрі қорапшасында міндеттелген тәртіппен тіркеу нөмірі жазылуы тиіс.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Санофи #капсулалы_дәрілер

Комментарии