Сағындырған 25 - Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков (мәтін/lyrics/текст песни)

preview_player
Показать описание
Сөзі: Толымбек Әлімбеков
Әні: Алтынбек Қоразбаев

Өзегінде қан ойнап қызып тұрған,
Қартыңды да қырау бас қызықтырған,
Алаулаған жиырма бес.
Көз қарытқан ойнақы жүзік сырдан,
Сыбағасын сездірмей үзіп тынған,
Жалаулаған жиырма бес.

Түн ұйқысын төрт бөлетін,
Жанып, кейде өртенетін, ой-пәллі-ай
Сағындырған жиырма бес.
От болатын, шоқ болатыy,
Бар болатын, жоқ болатын, ой-пәллі-ай,
Сағым қуған жиырма бес.

Елең қылмас қақаған мұз-жауынды,
Серілікпен өткізген түз дәуірді.
Бұлқын атқан жиырма бес.
Серік етіп желпінген қызды ауылды,
Сылқым атқан жиырма бес.

Өзің едің жиырма бес аңсағаным,
Аңсағанда шырқатып ән саламын,
Сағым қуған жиырма бес
Ән саламын, жиырма бес, тамсанамын,
Тамсандым деп баршаға жар саламын,
Сағым қуған жиырма бес.

Күнде ойын, күнде думан,
Сұлу іздеп, арман қуған, ой-пәллі-ай,
Сылқым-сері жиырма бес.
От болатын, шоқ болатын,
Бар болатын, жоқ болатын, ой-пәллі-ай,
Жын да, пері жиырма бес
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

— Екеуінің дауысы өзара керемет үйлесімді !

ДастанИбраимов-ъы
Автор

осыны агам айтушы еди 2007-2008 жылдары, бир шатасып уялып айтпай кеттигой🤣каз 2 баласы бар сол кездеги озимен жасты

akerkeerzhan