filmov
tv
Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін
![preview_player](https://i.ytimg.com/vi/xcYPf3Qttlw/maxresdefault.jpg)
Показать описание
Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін. Қазір Еңбек кодексінің кейбір баптарын өзгертуді көздейтін заң жобасы мәжіліс талқылауына жіберіліп отыр. Ал түзетулерге сәйкес, жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісімге келу арқылы 5 күндік не 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесіп отыратын 4 күндік жұмыс кестесін түзеді. Бірақ өндіріс қажеттілігіне байланысты артық жұмыс істеген қызметкерлерге қосымша ақы төленбейді.
«Бір аптада төрт-ақ күн жұмыс істейсің». Бұл сөз бір жетіде 6 не 5 күн бойы бел жазбай жұмыс істейтін жандарға әжептәуір жеңілдіктей көрінері анық. Әрі оның ауылы алыс та емес секілді. Себебі қазір Еңбек кодексіне бірқатар өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы талқыланып жатыр. Мәселен, енді еңбек шартын жасарда жұмыс берушімен келісіп, 4 күндік жұмыс аптасына көшуге болады. Бірақ бұл жеп-жеңіл жұмыс кестеңіз 5 немесе 6 күндік жұмыс аптасымен алмасып отырады. Яғни, 1 тоқсан 4 күндік болса, келесі тоқсанда 5 күндік жұмыс аптасы болады. Сәйкесінше, жүктеме азаймайтындықтан жалақы да өзгермейді. Қаперде ұстар тағы бір жайт: 4 күндік кестемен қызмет ететіндер артық жұмысы үшін қосымша ақы алмайды. Десе де, бұл жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шыққан сыңайлы.
Жобаға сәйкес, 4, 5 және 6 күндік жұмыс аптасы кезінде қосымша жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12, ал жылына 120 сағаттан аспайды деді министрлік өкілдері. ¤WA6 3964
Айтуларынша, бұл норма 5,6 күндік жұмыс аптасын сирету үшін қолға алынып отыр. Ал жаңа жұмыс кестесі ақылы еңбек демалысы мен еңбек өтілін есептеуге де әсер етпейді екен.
ШАЛҚАР ОРАЗБЕКОВ, ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау басқармасының басшысы:
– Жалақы ұғымы бұл азаматтардың белгілі жұмыстарды істейтін көлеміне, біліктілік талабына сәйкес төленеді. Сәйкесінше, бұл жерде де жалақы сақталады. Өйткені мына жылдық норманың өзі сақталғаннан кейін жалақыда да ешқандай ауытқушылық болмайды.
Ал еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылып отыр. Яғни, бұрынғыдай 51 750 теңге емес, 86 250 теңге болмақ. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген кісілер үшін жәрдемақы мөлшері жалақының 100 пайызы көлемінде бекітіледі. Ал егер қызметкер жұмыс барысында жарақаттанып не кәсіптік дертке шалдықса, әлеуметтік төлем көлемі орташа жалақының 100 пайызы мөлшерінде өтеледі.
Нұрболат Жаңабекұлы, Нұркен Тоқмурзин
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии