Ақтөбедегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары APEC-те

preview_player
Показать описание
«APEC PetroTechnic Жоғары колледжне» «Жас маман» жобасы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан бір топ маман келді. Ақтөбе облысындағы кәсіптік білім беретін 9 бірдей колледждің ұстаздары мен қызметкерлері оқу ордасымен толық танысып шықты. Сондай-ақ, «APEC PetroTechnic Жоғары колледж» директоры Жанарбек Жаңабайұлы 6 колледжбен өзара іскерлік қарым-қатынас жөніндегі меморандумға қол қойды. Тәжірибе тарату аясында ұйымдастырылған шарада арнайы пән оқытушылары өзара пікір алмасып, кәсіптік білім беру бағытын жетілдіруді кеңінен талқылады. Ал енді Ақтөбеден келеген мамандардың пікіріне құлақ ассақ.
📎Меруерт Жұбандықова – Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі: Ақтөбе облысынан жалпы саны 12 қызметкер келді. Олар екі күн қатарынан АРЕС-тің тынысымен танысты. Колледж халықаралық аккредитациядан өткен. Бізді қызықтырғаны осы. WorldSkills Kazakhstan талаптары бойынша демонстрациялық емтихандарды саты бойынша өткізеді екен. Яғни бір арнаға түскен жүйе бар, колледжде. Кейін мамандар арнайы талдау жасайды. Ол дегеніміз жұмыстың нәтижесін қашанда оң етіп көрсетеді.
📎Қуанар Айжаппаров – Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ең бастысы оқу орны «Жоғары колледж» деген атқа толығымен лайық. Қажетті техниканың барлығы бар. Колледж үшін осы маңыздырақ. Өйткені, кәсіптік білім беретін мекемеде оқыған студент ЖОО-нын тәмамдағандардан басты айырмашылығы неде болу керек? Әрине колледжді аяқтаған адам үлкен кәсіпорынға барғанда бірден жұмысқа кірісіп кете алады. Айырмашылық осы жерде. Ал сіздердің колледжде техникалық база өте жақсы.
📎Толыбай Жолтаев – Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің арнайы пән оқытушысы: Сіздің колледжден үйренетін нәрсе көп екен. Компаниялармен іскерлік қарым-қатынас өте жақсы жолға қойылған, бәрі ашық түрде. Ал ол студенттерідің қызығушылығын тудырады ғой. Әрі компания үшін де тиімді. Мұғалімдер кәсіби ағылшын тілін жетік меңгерген екен.
Рекомендации по теме