Мектепке қабылдау 1 наурыздан басталады

preview_player
Показать описание
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
2022-2023 оқу жылына Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 7-сыныпқа конкурс негізінде құжаттар қабылдайды.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігі;
3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтамасы;
4) үміткердің фотосуреті.

Емтихан 15-30 сәуір аралығында өтеді.

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
Математика және логика – 55 сұрақ
Қазақстан тарихы – 10 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ

Барлығы: 22 оқушы + 2 «Мың бала» жеңімпазы қабылданады

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, 5,6-сынып оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

Толық ақпарат алу үшін:
Мекен жайы: Мұхит көшесі 37
Байланыс телефоны: +7 (7112) 50-62-73
Whatsapp +7 (705) 796-72-47
Instagram 11_mektep_oral
Рекомендации по теме