filmov
tv
Тырна, тырна, тырналар - официальный трейлер

Показать описание
Басты кейіпкер Бурахан Исахаев – кинорежиссер. Жүрек жетіспеушілігінің нәтижесінде ол ауруханаға түседі. Ауруханадаға адамдар оған ағынан жарылып, сырларын айтып, олар күннен күнге жақын бола бастайды. Кенеттен, тіпті Бурахан да күтпеген жерден, барлығы басты кейіпкер ойлап табатын фильмнің кейіпкерлеріне айналады. Бұл фильмде әзірге бірнеше эпизод қана бар. Онда махаббат та, қызғаныш та, жек көру де, кісі өлтіру де бар. Заңды және заңсыз некеден туылған балалар да бар. Махаббат үшбұрышы деп атаса да болады. Және осының бәрі өткен ғасырдың отызыншы жылдары болғандықтан, әлеуметтік дауылдан, өмір салтының бұзылуынан, өзара соғыс өртінен бүлінген бұл махаббат үшбұрышы, әрине, өмір сүре алмайды. Бәрі де өледі – Құлжан да, оның әйелі Асиля да, оның ашынасы Сейтназар да.