Наркенже Серикбаева 16 шындық караоке

preview_player
Показать описание
Караоке 16 шындык
Каналға жазылуды ұмытпаңыз
Келесі қандай әннің караокесін күтесіз, комментарийге жаза кетіңіз
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

ШЫНБОЛАТ ДІЛДЕБАЕВ АҒАМЫЗДЫҢ ШЫҒАРҒАН ТЕРМЕСІ ☝️ЖАСТАР ОСЫНЫ ҰМЫТПАҢДАР. СССР-дің ҚЫЛЫШЫНАН ҚАН ТАМЫП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ШЫНБОЛАТ АҒА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ АЙТЫС ҮСТІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ОРЫНДАҒАН. Наркенжеге рақмет жақсы орындап шықты. 👍

DDD-
Автор

Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба!
Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!

Заман қалай, адам қалай өзгерді,
Өзгергенді, шүкір, қазір көз көрді.
Арың менен ақиқаттың алдында,
Шындықты айтып шыңғыратын кез келді!

Айтса нанар момын халық едік қой,
Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
О ғаламат халық жауы дедік қой.

Күңі болған, қазағымды сорлаған,
Қасиеттің қара рухын қорлаған.
Ешқашанда тарихымда даламның,
Кешегіндей ұрыс-керіс болмаған!

Сеніп өскен халық едік малына,
Малын алса, қайтсін халық налымай?!
Америка, Түркияға, Қытайға,
Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?

Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш миллиондай аштан өлген бабамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?,

Шұбар ала болып кетті тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің.
Тілің кетсе үнің қоса кетерін,
Қайран елім қайдан ғана білмедің?!

Он бір тілде сөйлегенде таң қылып,
Ана тілді білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, жалпақ далаң жатқанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Ауруыңда бірте-бірте асқынған,
Қара ниет асып кетті қасқырдан.
Қай бабаның дәстүрінде бар еді,
Ата-анасын бөтен қолға тапсырған?!

Азаматтар қол бастаған қаһарман,
Алькоголдің арбауына шаталған.
Бұл заманның Қобланы мен Қамбары,
Оқ тимей-ақ шығып жатыр қаһардан.

Надандықтың биігінен аспадық,
Құдайдыңда таза жолын тастадық.
Мас күнемдік ұлдар түгіл қыздарың,
Ол аз болса наша шеге бастадық.

Сәл кідіріп ойлаңдаршы әріден,
Қанша сәби өлді улы кәріден.
Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп.
Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.

Оқымаған, биікте еді бабамыз,
Оқыдық қой неге саяз санамыз?!
Асқынды ғой, асқынды ғой жарамыз,
Ей бауырым қайда кетіп барамыз?!

kanatabdol
Автор

Карындасым Наргенже
Сау бол узак жаса омирин
узак болсын.

BaxitXabipov-mdfj
Автор

Шынболаттын термесi.. Бала кезимде жатқа бiлетiн едiк, шiркiн ай. 30.жылдан асып кеткен терме.. Бирак бизде дым өзгеріс жок, өкiнiштi ақ.

Гулеке.К
Автор

Сөйле, тілім
Алаңдама, тартынба
Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!Заман қалай, адам қалай өзгерді,
Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.
Арың менен ақиқаттың алдында
Шындықты айтып,
Шыңғыратын кез келді.
Айтса нанар аңғал халық едік қой,
Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой.
Халқымыздың қамын жеген ұлдарын
О, ғаламат,
«Халық жауы» дедік қой!
Күні болған қазағымның сорлаған,
Қасіреттің қара бұлты торлаған.
Ешқашанда тарихымда даламның,
Кешегідей бұрыс кету болмаған!
Сеніп өскен халық едік малына,
Малын алса,
Қайтсін халық налымай?!
Америка,
Түркия,
Қытайға,
Жетіскеннен шашылды ма тарыдай?
Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш миллион
Аштан өлген бабамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?
Шұбарала болып кетті тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің.
Тілің кетсе,
Күнің қоса кетерін
Қайран елім,
Қалай ғана білмедің?
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң,
Байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!
Ауруың бірте - бірте асқынған,
Қара ниет асып кетті қасқырдан.
Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
Ата - анасын бөтен қолға тапсырған.
Өкініштен өксігімді баса алмай,
Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед,
Қазір қалдық бір келіннен аса алмай.
Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
Алкогольдың арбауына шатылған,
Бұл заманның
Қобыланды мен Қамбары,
Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.
Бабамыздың биігінен аспадық,
Құдай,
Дінді таза жауып тастадық.
Маскүнем боп ұлың түгіл қыздарың,
Ол аз болса наша шеге бастадық.
Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
Қанша сәби өлді улы дәріден.
Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
Қайдасыңдар,
Азаматым, арысым,
Қайда кетті, қасиетті намысың?
Адам түгіл шырылдаған торғайда,
Жанын пида етуші еді бала үшін.
Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
Жұрдай болдық
Қайран баба салтыңнан.
Қасиетті қыздарымның қылығы,
Бейне Арал,
Балқаш болып сарқылған!
Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?!
Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
Өз батырың,
Өз арысың тұрғанда!
Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда?
Оның бәрі қалғаны ма шалғайда.
Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
Шала естілеу,
Мәңгүрт болып қалмай ма?
Дұрыс болмай замананың жетегі,
Еңіреген ердің толды етегі.
Осылардың бәрін ойлап қарасам,
Бас айналып,
Көз бұлдырып кетеді.
Күнім туды ағымнан бір жарылар,
Қайран елім,
Сорың енді арылар.
Шыдаушы еңдер,
Шыдаңдаршы шырылдап,
Шындық жайлы айтатыным әлі бар.
Туған елдің қазынасының бәрін ап,
Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
Полигон боп
Абай, Мұхтар жүрген жер,
Атом неге тек Семейде жарылад?!
Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,
Кімнің қандай ала - алмаған өші бар?
Талай елсіз Тундралар жатқанда,
Сары алтындай Сарыөзекте несі бар?
Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
Кімге керек жал мен жая жегенің,
Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.
Бауырларым,
Жанымыз бір кемеде,
Уық сынып, қирап жатыр кереге.
Өз дауысын көтермесе өз елім,
Өзгелерге Абай, Семей немене.
Бауырларым,
Жанымыз бір кемеде,
Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
Лермонтов пен Пушкинді айтқан жандарға,
Абай мен Сәкен деген немене?!
Қайран далам,
Өр төсіңе - нұр тұнған,
Қырандайсың, қанатынан қырқылған.
Мал өрісің,
Аң мен құсың жоқ болды,
Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!
Кереку мен Қызылжар еді мақтаным,
Ұмыттық қой Ақмоланың аттарын.
Өзге тілде қойып алдық аттарын,
Байқайсың ба қайда бара жатқанын?
Оқымаған биікте тұр бабамыз,
Оқыдық қой:
Неге саяз санамыз?
Асқынды ғой,
Асқынды ғой жарамыз.
Ей, бауырлар,
Қайда кетіп барамыз?
Асқар тауым - ақыл,
Ойым - қорғаным,
Есіңді жый,
Ешкімге жем болмағын.
Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
Кімге керек бес күн жақсы болғаның.
Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,
Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,
Қайран елім,
Бірлігіңді сақтаңдар!..

МолдирМолдир-зе
Автор

Бугiн керек қазағымның бiрлiгi
Бiрлiк болса арта берер тiрлiгi.
Жаным пида шындықты айтып шырылдап
Осы сөзден жоқ боп кетсем бiр күнi..
деген жолы айтылмай қалды. Әттең ай.

Гулеке.К
Автор

Қазақтың жүрегіне жетпесе білмедім, өте қатты нақты айтылған!

ЖанельАмангали-пс
Автор

Наркенже қарындасым қарлығашым пай пай тіл көзден сақтасын ақиқат құйқам шымырлап кетті

Данияр-жм
Автор

Кайта кайта тындайм шаршамайм суйектен откизип айтты АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН

ЖанатЕсимов-эц
Автор

Ассалам алейкум қазақ елі
Шынболат ағамызға алла разы болсын не деген іштегі өртті керемет алып шықты әдемі жеткізген түсіндірген, ал оны керемет орындап жеткізген Наркенжеге алла разы болсын,
Мәәәә осындай рухани азық беретін терме өлеңдерді далада үлкен аренада жанды дауыста орындаса халықтың рухын оятар еді жылап жүректер тазарып иман күшейер еді, қазағымның маңдайына біткен бір туар азаматтарын уақытында көтеріп уағында пайдалансақ шіркін, мәдениет министрлігі идеология бөлімі қолдаса деген жүректе қалауымыз бар алла көздері барда нәсіп етші сол күндерді

ulanahmet
Автор

Қаны мен жаны Қазақпын деген, бойында намысы бар әр азаматқа ой салар ән.
Қазақ-тілі жасау керек мәңгілік!

Кайрат-нг
Автор

Наркенже ханымгы құттықтаймын ресей тілі айтган қазақтарга жақсы сөз айтпыс сулу қвзақ жерине ресей тілңе керек жоқ өз тілің бар тіл жітіп кетресің деген ән керемет болды рахмет наркенже хаым үлкен құрмет сізге түркиядан көп көп салем жіберемін барлық қазақ бауырларга

Kara-Haydar_
Автор

Наркенже атына заты сай, қазақтың батыр қызы...

skarbaytilepov
Автор

Бул казактын жан айкайы, Франциянын Марсельеза сиякты казактын курдели озгериске шакыратын анураны болу керек.Ар жиынга шыкканда оси ан алда журу керек.

ДастанДжумабаев-ое
Автор

Наркенженин орындауындагы мынау ан-казирги казактын омирин курдели озгерту гимны болу керек.Бул жанайкаймен оккада карсы туруга болады!

ДастанДжумабаев-ое
Автор

Осы әнді бәрінен артық жақсы көремін. Наурыз мерекелерінде осы әнді әрдайым айтамын. Дәл айтылған шындық екен. Қайдағы жоқ ағылшынша әндерден жақсы

Адайқыздары
Автор

Бұл Шынболат ағамыздың шырылдатқан шындығы, Алла алдынан жарылқап жанын жәннәттің төрінде етсін.

КабдигалиТуткишев-гы
Автор

В 1976 служил в СА и у меня был казах и я любил когда на марше пел песни про Родину, Любовь.Я всегда защищал его от старсложущих хоть и сам МИШАРИН.Потому что мешаю всем .А Наркенже молодец

nailnazirov
Автор

Керемет жеткіздің, тусинген адамға журегіне жетті

АлтинайТурлыбаева
Автор

Сөйле, тілім алаңдама, тартынба
Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!



Заман қалай, адам қалай өзгерді,
Өзгергенді, шүкір, қазір көз көрді.
Арың менен ақиқаттың алдында,
Шындықты айтып шыңғыратын кез келді!



Айтса нанар аңқау халық едік қой,
Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой.
Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
О ғаламат халық жауы дедік қой.



Күңі болған, қазағымды сорлаған,
Қасіреттің қара рухын қорлаған.
Ешқашанда тарихымда даламның,
Кешегіден ұрыс кету болмаған!



Сеніп өскен халық едік малына,
Малын алса, қайтсін халық налымай?!
Америка, Түркияға, Қытайға,
Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?



Әке тұрып, сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті-ау арамыз.
Үш миллиондай аштан өлген бабамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?



Алған кезде бұл тоқырау алқымнан, Жұрдай болдық, қайран баба салтыңнан
Қасиетті қыздарымның қылығы,
Арал болып, Балқаш болып сарқылған!



Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?!
Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
Өз батырың, өз арысың тұрғанда?!



Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
Қанша сәбі өлді улы дәріден.
Қыздарымыз үйде отырып, жүкті боп,
Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.



Күнім туды ағымнан бір жарылар,
Қайран елім, сорың енді арылар.
Шыдаушы еңдер, шыдаңдаршы шырылдап,
Шындық жайлы айтатыным тағы бар.



Қайдасыңдар, азаматтар, арысым?
Қайда кетті, қасиетті намысың?
Адам түгіл, шырылдаған торғайда,
Жанын пида етпеушіме еді бала үшін.



Ауруларың бірте - бірте асқынған,
Қара ниет асып кетті қасқырдан.
Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
Ата - анасын, интернатқа тапсырған?



Шұбарала болып кеткен тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің.
Тілің кетсе, күнің қоса кетерін
Қайран елім, қалай ғана білмедің?



Орысшаға орыстарды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!



Өкініштен өксігімді баса алмай,
Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
Бір ақсақал бір ауылда билеуші ед,
Қазір қалдық бір әйелден аса алмай.



Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
Кімге керек жал мен жая жегенің,
Бауырларың қылтамақ боп жатқанда?!



Бабамыздың биігінен аспадық,
Құдай, дінді таза жауып тастадық.
Маскүнем боп ұлып түгіл қыздарың,
Ол аз болса, наша шеге бастадық.



Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
Алкогольдің арбауына шатылған,
Бұл заманының Қобыланды мен Қамбары,
Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.



Қайран далам, өр төсіңе - нұр тұнған,
Қырандайсың, қанатынан қырқылған.
Мал өрісің, аң мен құсың жоқ болды,
Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!



Бауырлармыз, жанымыз бір кемеде,
Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
Лермонтов пен Пушкинді айтқан жандарға,
Абай деген Семей деген немене?!



Туған елдің қазынасын бәрін алып,
Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
Полигон болып, Абай, Мұхтар жүрген жер,
Атом неге тек Семейде жарылады?!



Дұрыс болмай замананың жетегі,
Еңіреген ердің толы етегі.
Осылардың бәрін қосып ойласам,
Бас айналып, көз бұлдырап кетеді!



Асқар тауым ақыл, ойым қорғаным,
Есіңді жый, ешкімге жем болмағын.
Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
Кімге керек бес күн жақсы болғаның?



Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,
Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
Бір қаза5ты үшке бөліп, бүлінбей,
Қайран қазақ, бірлігіңді сақтаңдар!

Rayana-vt