Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген «Құрметті сенатор» атағы мүлдем жойылды

preview_player
Показать описание
Енді елімізде "құрметті сенатор" атағы ешкімге берілмейді. Сенат регламентті қайта қарап, осындай өзгеріс енгізген. Осылайша жоғарғы палата бұл дәрежені мүлдем жойды. Бұған дейін бұл атақ тек Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген болатын. Одан бөлек, 14 қаңтар Сенат депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Парламенттің жоғарғы палатасына еліміздің жиырма өңірінен депутаттар сайланады. Сондай-ақ, президент квотасы бойынша да сенатор тағайындалады. Ел бойынша елу бес кандидат тіркелген саяси науқан туралы Аршат Әділжанқызы айтсын.
Биыл бірінші рет сенат отырысын өткізген Мәулен Әшімбаев үш апта бұрын сенат регламентін қарап, оған тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты. Енді біздің елде "құрметті сенатор" деген атақ болмайды. Жоғарғы палата бұл мәртебені толығымен жойып, енді бұл атақ ешкімге берілмейді дейді. Ал бұл дәреже бір ғана адамға, 2019 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қана берілген болатын.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
– Біз «құрметті сенатор» атағын регламенттен алып тастадық. Ондай бізде қазір ондай институт бізде жоқ, «құрметті сенатор» деген. Сондықтан біз мұндай шешімді қабылдаған себебіміз маусым айында өткен референдумда бүкіл халқымыз қолдап, конституциядан Тұңғыш президент елбасына қатысты нормалар алып тасталынды. Бұл халықтың шешімі.
Ал сенат сайлауы 14 қаңтар күні өтеді. ГРАФИКА: Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жиырма депутат сайланады. Елу бес кандидат тіркелген. Оның төртеуі қазіргі сенаторлар екен. Кандидаттардың отыз пайызы әйелдер дейді Мәулен Әшімбаев. Ал, президент квотасы он бестен онға дейін қысқартылды. Мемлекет басшысы он депутаттың бесеуін Қазақстан халық ассамблеясының ұсынысымен тағайындайды. Сенат төрағасын да тағайындау президент құзіретінде.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
– Біздің заңымызға сәйкес спикердің кандидатурасын мемлекет басшысы ұсынады. Бұл мемлекет басшысының құзіретіндегі шешім. Сол себепті сайлаудың аяқталғаннын тосайық.
Ал, орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындықты тағы бір пысықтап алды. Нұрлан Әбдіровке есеп берген аумақтық сайлау комиссияларының басшылары науқанға тас-түйін дайынбыз дейді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлық өңірдегі сайлау учаскелері Астана уақытымен таңғы сағат онда ашылып, он бірде дауыс беру басталады. Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасы:
– Сайлау туралы констититуциялық заңның 38-бабының 4-тармағына сәйкес Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бір күннің ішінде өткізеледі. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.
Айта кетейік, бүгін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Ертең, яғни 13 қаңтар сайлау алдындағы тыныштық күні.

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Ассамблея деген не үшін қажет, босқа ақша шашу осы кезге дейін не пайдасы тиді, не мәселе шешті, мынандай жерде пайдасы тиіп еді деп кім айта алады?

bolatromanov
Автор

Нұрекеңе жиналып екі сиыр алып берейік.

tcddtcdvn
Автор

Ол атақты алыб тастағанда назарбайевты соттауға болама? Жоқ болмайды бұл жәй спектакль

фибаначифокус
Автор

Зачем нам ассамблея это блеф, просто деньги которые выделяються в карман чиновникам, и это не помогло когда дунгане хозяинами семя возомнили, хозяева это казахи на своей земле,

СаулеЕспенбетова-од
Автор

тоқаевтың - назарбаевпен қанша күнде -АҚЫЛДАСЫП, отчёть беріп тұратынын да -- АЙТСАҢДАР ХАЛЫҚҚА.

zh
Автор

нагып абдиров баска ешким жок па освган деин канша булдирди гои

АсетОрынбасаров-пч
Автор

Быздын Казакстанда не ойлап шығармайды, неге керек букыл елде жок мәртебенің неге керегы бар, баска жамауынды жамап алсай, халкына бер атакты, халкына жумыс тауып бер, кираган Үйлерды жөндеп ауылды каламен тенер, болница, школ үй, фабрика сал.Халыктын жағдайын жақсарт.Сол саған сенаттың мәртебе.

kulzipatoishibek