Әбдіжаппар Әлқожа & Жандос Қаржаубай - Хақың бар өмір сүруге

preview_player
Показать описание
Abdizhappar Alkozha & Zhandos Karzhaubai - Khakyn bar omir suruge

#ӘбдіжаппарӘлқожа #ЖандосҚаржаубай #ХақыңБарӨмірСүруге​​​​​​​ #AGUGAI​​​​​
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Тілдеме досым тіршілігіңді,
Күндеме мәнін ғұмырдың.
Сезеді Құдай құлшылығыңды,
Сезбесе неге жығылдың?

Жұттың ба жұпар тылсым деміңді,
Барсың ғой барсың тірісің.
Естиді Құдай күрсінгеніңді,
Айқайлай берме құрысын.

Шыр еткен шақтан шапағат берді,
Жөнің жоқ еді алаңдар.
Мөп-мөлдір таза махаббат берді,
Былғады оны адамдар.

Қара басымды қаңтарып кетті,
Махаббатыма сеніп ем.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.

Ар, намыс берді, арпалыс берді,
Талауда талай қалғанмын.
Жеңдіріп мұңға арқа күштерді,
Жағасын алдық жалғанның.

Жаныңмен сүйші жұмыр ғаламды,
Кім үшін бірақ кім үшін...?
Естиді Құдай сыбырлағанды,
Айқайлай берме құрысын...

Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.

Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.

Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.

Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Хақың бар өмір сүруге.

МөлдірСауытбай
Автор

Не деген магыналы Аллам саган нур жаудырсын

ЕлдосМамаев-яг
Автор

Красавчик Әбдіжаппар қазақтың баласы бірін бірі батыр дейді демекші осылай демеу беріп жібергенін дұрыс Жандос бауырым қанатың талмасын молодец әндерің КЕРЕМЕТ 👍өнердің шыңынан көрін

АйдынАхметкалиев-кь
Автор

Әбдіжаппар даусың ерекеше, әндерің мәнді мағыналы. Керемет

АйнурНурханова-шы
Автор

Әбдіжаппар бақытты бол, дауысың жүрекке жетеді

VDMEdit
Автор

Керемет орындау, Жандос алға, сәттілік✊

aliakhmetkhanov
Автор

Кушти олен екен бир гездери бир акмак ушын тагдириме налыган гезимди есиме тусирип жиберди .Бирак тагдирдин сыйы коп екен .Аллага шукир жаксы адамды жолыктырдым

АктауАктац-ок
Автор

Кушти ән сөзі де бәрі бөлек🥰Абджиктің дауысы всегда әнді жүрекке жеткізедіғой🔥Нағыз әнші👍👏😍

roshyyyn
Автор

Ап барекелде казагымнын кайсар жигиттери керемет шыккан орлей бериндер Алла шаршатпасын отбасыларыныз аман болсын

bilalsagyndyk
Автор

Керемет сөздері👍жүрекке жетті рахмеееет!

foodkaz_
Автор

Жаным ғашығым дей бергеннен гөрі жақсы шыққан өлең. Молодец

МаратКасым-ыш
Автор

Әбдіжаппар айтса барлық өлең күшті боп кетет, даусы керемет.

КаусарТолешова
Автор

Әбіджаппар әлқожа жандос қаржаубай хақың бар өмір сүрұуге👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

АдилАйтакынов
Автор

Сөздеры керемет екен. Жаксы жазған. Адамға шабыт рух береді. Хақың жок сенын өмыр сурмеуге.

МирасӘбденов
Автор

Керемет ани, создериде оте жаксы екен. Маган унады. Мани бар олен.

ТебеХанаТебехана
Автор

Ақжол бауырымның әр сөзі ірі. Нағыз ақын.

ГулданаЕсендикова
Автор

Акжол бауырым жарайсын.создери керемет

СункарМахмутов
Автор

Алла өзі күш қуат сабырлық берсін.Алла әділ Ерте ме кешпе өзі реттейді

Жулдыз-зю
Автор

Тамаша орындауы да тамаша багын жансын балам 70 кемпирмин улкен бииктерден корине бер денин сау болып самгай бер Аллам жолынды ашуын тилеимин

АлияНуртаева-гг
Автор

Әннің естісі бар есері бар деген. Есті өлеңдер көп болсын

kojaakimov
visit shbcf.ru