Нұрсұлтан Назарбаев BRICS лидерлерімен өткен кездесуге қатысты

preview_player
Показать описание
Қазақстан бұл бейресми ұйымға мүше болмаса да, өңірлік, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосар үлесі көп. Жиында сөз алған Мемлекет басшысы осы мәселелерді алға тартты.

BRICS елдері биыл Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық төңірегінде сұхбаттасты. Демек осы құрлықта орналасқан мемлекеттерге де бұл жиынның қатысы бар. Төрағалық етуші ел саммитке көрші мемлекеттердің басшыларын шақыруды игі дәстүрге айналдырған. Сондықтан жан-жақтан үн қосуға Ресейдің серіктестері жиналды.

Қазақстан BRICS бірлестігіне мүше болмаса да, халықаралық қауымдастық алдында беделі биік тұр. Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жақтасы саналады. BRICS бестігінің көздегені де сол.

Жиында сөз сөйлеген Елбасы ұйымдар мен елдердің ынтымақтастығына тоқталды. Құрлықаралық қатынастың мәні зор.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Уже сегодня тесный диалог ЕврАзЭс и ШОС создают благоприятную встречу для начала широкого трансконтинентального сотрудничества в перспективе. Соединение горизонтальной транспортной артерии Евразийский Союз, ШОС и вертикальной транспортной артерии BRICS способны дать взрывной рост торговли. Можно рассматривать в будущем общее объединение и общую свободную зону на наших территориях.

Өңірлік сауда-саттықты нығайтуға Қазақстан елеулі үлес қосты. Көлік инфрақұрылымын айтарлықтай алға жылжытты. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистралі, Қытайдан Каспийге дейін салынған теміржол, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» шойын жолы Азия, Еуропа, Таяу шығыс елдері мен Кавказды байланыстырып, «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізіне жаңа серпін беріп отыр. Демек өңірлік интеграцияны дамыту, әлемдік көлік жүйесіне ену біздің елдер алдына жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты Елбасы.

Президент тоқтаған тағы бір мәселе – терроризммен күрес. Бұл тұрғыда Қазақстан өзге елдермен ықпалдастыққа дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-С этим можно бороться, только создав всемирную сеть под эгидой ООН. Я бы поддержал то, что здесь говорил господин Гани и господин Рухани. Мы должны внести на повестку дня 70-летия Генеральной Ассамблеи этот вопрос для создания всемирной сети по борьбе с этим злом, чтобы на корню вырывать то, что делается, в том числе финансовые возможности и другие. Это угроза всему миру, но прежде всего, нашему региону.

Президент аймақаралық интеграцияны дамыту үшін біртекті жүйе құруды ұсынды. Ол үшін Азия банкі, Еуразия банкі мен BRICS даму банкінің ынтымақтасуы маңызды. Оған келешекте «Экспо-2017» тұғырында құрылғалы отырған «Астана» қаржы орталығы да қосылады.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Руслан Жәкеев
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Елбасы Нұрсұлтан атамыздың Брикске қатысқаны, қазақ халқының мақтанышы....

Хайролла-зк