filmov
tv
Елімізде «Ұлттық» деген дәрежесі бар компаниялардың саны азаяды

Показать описание
Мәселен, «ҚазМұнайГаз» құрамындағы 206 компанияның тек 75-і қалмақ. «ҚазТранГаз» бен «ҚазТрансОйл» бірігеді.
«Қазақстан темір жолының» еншілес компаниялары 3 есеге дейін қысқарады. Ал «ҚазАтомӨнеркәсіп» екі есе ықшамдалады.
Достық Талғатұлы, тілші
-Бұл шаралар ең алдымен қазынаға үлкен пайда әкеледі. Еншілес компаниялар санын қысқартып, бірқатарын біріктіру арқылы 2020 жылға дейін 680 миллиард теңгені үнемдеу көзделіп отыр. Осылайша, бұл қомақты қаржыны халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік нысандар салу үшін жұмсауға мүмкіндік болады. Мәселен, бір балабақша салуға 800 млн теңге қажет деп алсақ, үнемделетін 680 млрд теңгеге 850 балабақша салуға болады екен.
Ақсәуле Әлжан, тележүргізуші
-Өте қызықты дерек екен. Достық, ал бұған дейін ұлттық әл-ауқат қоры қаржы үнемдемеп пе сонда?
Достық Талғатұлы, тілші
-Әрине үнемдеген. Тек биылдың өзінде «Самұрық-Қазына» қоры 519 миллиард теңгені үнемдеді. Біз басқарма төрағасының орынбасарымен сұхбаттасып, түсетін таза табыс көлемі жайында сұрап білген едік.
Дәурен Ердебай, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
-Биыл біздің таза табысымыз 300 миллиард теңгеден кем болмайды деген болжам бар. Сыртқы факторларды, валюта бағамына қатысты өзгерістерді ескеретін болсақ, бұл өте жақсы нәтиже.