«ЖЫР - МЕНІҢ ПЛАНЕТАМ». Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш

preview_player
Показать описание
#Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV

Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

"Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған..." деп, Абай атамыз бекер айтпаған ғой. Фариза ақын өлеңдерінен туған елге деген махаббаты, құрметі, сағыныш сезімі, туған ел келешегіне алаңдаушылық, мұң - бәрі -бәрі сезіліп тұрады. Сондықтан шығар, оқырмандарының құрметіне бөленгені. Ия, сонау партия мен бюрократия заманында аяқтан шалушылық пен кемсітушіліктің де, көре алмаушылықтың да бірталайын көрді ғой. Тек өзінің табандылығы мен өр мінезінің арқасында аман қалды. Кім біледі, жігіт болғанда, Мұқағалилар құсап ішіп кетер ме ед!? "Жастар жара түүспеген жанына әлі, Түсінеді жанымды, табынады."деп, ақын өзі бекер айтпаған ғой. ХХ1ғ. -да қазақ халқының жастары мынадай тамаша кеш өткізіп, оны Ютобтан тамашалап отырғанымызға "Аллаға шүкір!" деймін. Фариза апамыз тірі кезіндегідей жырларын тыңдап отырмыз. Осы кешті ұйымдастырушы ларға үлкен рахмет! Қазіргі жаңа заман жастары үшін ақын апамыздың жырларын үнемі насихаттай беру керек. Өйткені оның жырлары адамға рух береді, жігерін жаниды, елді сүюге, халықты құрметтеуге шақырады. Адамгершілікке, әділдікке баулиды. Оның жырлары үлкенге де, кішіге де түсінікті. Әр сөзінен махаббаты сезіледі, Соны әр қазақ өзіне үлгі етуі тиіс.
Жүргізушілерге де, сахнаға шыққан әр өнер иесіне үлкен рахмет! Алла разы болсын сіздерге! Тамаша!

КурманайЖакешева
Автор

Ризамын жастарға апамызды еске алып бізге жеткізіп жатқандарына

ИбрагимАлькеев-фю
Автор

Жайықтың толқындары әнінің әуенін неге өзгертіп жіберген, Акмарал Машимованың орындауындағы әуені жақсы еді

НургульАбдилдиева