Қара Жол көркем фильмі

preview_player
Показать описание
2017- жылы "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" ММ, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" КММ тапсырысы бойынша жастарды жат ағым ықпалынан сақтау мақсатында "Қара жол" көркем фильмі түсірілген болатын.

Фильмнің сюжеті қарапайым: Камал есімді ауылдың қара баласы мектеп бітіріп қалаға келеді, университетте оқиды. Студенттік өмірдің қызығын көріп жүргенде деструктивті діни ағымның ықпалына түсіп адасады. Оның санасы әбден уланады, туған-туысқандарын жатсынады, ата-анасынан алыстайды, отбасын ойрандайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауы ең күрделі проблемаға айналған өзекті мәселе. Фильм түсірудегі негізгі мақсат та осы проблемалардың алдын-алу, жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандыру болып табылады.
Рекомендации по теме