Сұмдық! Әскерге сау кеткен сарбаз үйіне есінен адасқан күйде оралып, әкесін сабап тастаған

preview_player
Показать описание
Әскери борышын өтеуге сап-сау кеткен Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны 19 жастағы Ринат Жеткергенов үйіне есінен адасқан күйде оралыпты. Қазір тіпті ата-анасын танымайтындай хәлге түскен жігіт кейде өзінің не айтып отырғанын да білмей қалады. Ал Ринаттың ата-анасы балалары әскери шенділердің қорлығынан кейін өте ауыр жағдайға түскенін айтады. Сөздерінше, сол жақтағы қызметкерлер сарбазды казармада аяусыз ұрып-соғып, әбден қинап, басына зақым келтірген.
Үш күн бұрын ғана әскери борышын өтеп келген Ринат Жеткергенов үйіне осындай хәлде оралыпты. Содан бері жақындарына маза бермей, өзімен-өзі мүліктерді қиратып, үйдің астан-кестеңін шығарады екен. Тіпті ұлын тынышталдырмақ болған әкесіне де бірнеше рет қол көтеріпті. Жігіт жақындарын танымайды да. Онымен қоймай әр нәрсені сандырақтап, сөйлей береді дейді туыстары.
Ринат Жеткергенов отан алдындағы борышын өтеген Ақтау қаласындағы 25/744 теңіз әскери флотындағылар балаларыңыз сәл ауырыңқырап тұр, күтіп алыңыздар деп ескерткен дейді жігіттің туыстары. Бірақ әскерден енді оралған баланың түрін көргенде үстеріне жай түскендей болғандарын айтады. Сөздерінше пойыздан түскенде Ринаттың үстіндегі киімі жыртық, ал аяғында жаздық аяқ киім болған. Баламыз отан алдындағы борышын өтеп емес, бір жыл бойы құдды бір құлдықта жүріп, қорлық көргендей дейді. Есі кіресілі-шығасылы сарбаз үйіндегілерге әскерде жүріп өзінің қатты қысым көргенін айтқан. Қайтар алдында сегіз күн бұрын төрт әскери қызметкер өзін жабылып ұрып, тіпті құлағын тесіп келеке қылғандарын да жасырмады дейді Ринаттың ағасы.
БАХТИЯР НАҒАШЫБАЕВ, Ринаттың ағасы:
– Құлағын тескен, құлағында жарақаты тұр. Мен сені қыз қыламын, мен сені әйелім қыламын деп издевательства жасаған. Өте қатты қиянат көрсеткен. Жылап тұрып шындығын айтты. Екі күн болды баламен арпалысып жатқанымызға. Ұйықтамайды, сандырақтап сөйлей береді.
Ақ халаттылар 19 жастағы Ринаттың қатты соққыдан миына зақым келді деген қорытынды жасапты. Осыған байланысты Қорғаныс министрілігі де арнамызға жауап берді. Министрлік өкілдерінің айтуынша Ринат әскер қатарында тәртіпті, үлгілі сарбаздардың бірі болған.
ҒАНИ НҮСІПОВ, ҚР Қорғаныс министрлігі Баспасөзь қызметінің өкілі:
– Тәжірибелі командирлер тәрбиешілер мен сержанттар сарбазға әскери міндетті өткеру уақытында қолдау көрсеткен. Сонымен қатар қатардағы жауынгер Ринат Жеткергенов қызмет өткерген кезінде денсаулығына ешқандай шағым жасамаған.
Ал бірақ Ринат әскери борышын өтеген ротадағы жауапты әскери шенділер сарбаздың мұндай жағдайға түскеніне өздері де таң болып отырғандай кейіп танытты. Алайда тексеріс жүргізіліп жатыр дейді. Ал ата-ана кінәлілер Ринатты әскерге барар шағындағыдай ауруынан айықтырып берсін дейді
Абай Нұржанұлы, Махаббат Нұржанқызы

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#ҚарулыКүштер #әскер #әлімжеттік #дедовщина #сарбаз #ҰлттықҰлан #буллинг #қысым_жасау
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Алла, дұға тілекті қабыл етуші Алла, шексіз Жомарт Иесі, Құдыреті бәріне жетуші Жаратқан мына жас баланың құлан таза айығуын, екі дүние бақытына қауышуын нәсіп етші🤲

akon
Автор

Баланы қор қылған жауыздар жеті аталарыңа дейін қарғыс атсын, осыдан кейін кім баласын әскерге жібереді. Алла шипасын беріп жазылып кетсін құлыншақ.

КулжанияБидайбекова
Автор

Қолдарың сынп, аяқтарың да сынп калсин, өмир бойынша қарғап өтем сендерды ийттер, қудай жазасин бергей, аумин

Диля-зб
Автор

Жанымау анасына сабыр ьерегөр, денем туршігіп журегім сыздап кетті. Қорлағандар- Жазалансын!

Nikadoktor
Автор

Әскерге қалай жібересіз мынадан кейін.

agalik.bolashak
Автор

Я Алла Ата анасына сабыр, осы балаға денсаулық берегөр🙏🤲🤲🤲

aisanem
Автор

Бәрін тексеру керек, не деген сұмдық?, жап жас баланың, өміріне балта шауып обалай, ата анасына Алла сабыр берсін! Қорлағандарды жазалау керек, сыбайлас жемқорлықтың кесірі, барлық салада осылай, бардак, жазықсыз адамдар күйіп жатыр, тоқтату керек

ГульжанКанимкулова-ъм
Автор

Сұмдық, тәртіп жоқ. Құдай жазаларыңды берсін Ақтаудағы әскер командирлері. Сап сау әскерге кеткен бала мына түрде ауылға келді. Балаларын жазылып кетсін

kuanyshiskaliev
Автор

Қазақстанда әділдік жоқ. Өте өкінішті. Алла сабыр берсін жақындарына.

aikaaikaaika
Автор

Алла жазасын берсін, бала шағасының рахатын кормесин. Сау баланы осы жағдайға жеткізгендер екі дүниенің азабын көрсін. 100әмин. Онбағандар

КуралайМаханбетова-бб
Автор

Балаларымызды армияга жиберуге коркатын болдык кой. Кудай сактасын.... Алла жазаларын берсин корлаган ушин баланы.

gauharadiamond
Автор

Осыны істегендер бай болып, бақша-мұратына жетеді.Ал көшеде түкірген, байқамай боқтағандар сотталып жатыр

Ernur-xzsi
Автор

Баланы әскерге жібермеу керек. Кай жерінді қорғайсын. Бәрі сатылып біті .Сол басшылардың балдары коргасын

АлтынбекКубашев-гя
Автор

Мыналыр отан қорғау емес, жастарды қорлауға арналған орын секілді,

bekomr
Автор

Что твориться в Казахстанской армии?Когда все это закончиться?Власти, что вы делаете с людьми?Страшно😓🤦🏽‍♀️

ikocha
Автор

Жазалансын.Шындық шешілсін.Жаным ай жазылып кет, құлыным.Ата-анаңа сабыр берсін.Осыны жасағандар құдайдан тапсын.Айтарға сөзім жоқ.Бұл не деген тәртіпсіздік

СейтжанЖамангараев
Автор

Обал ай айуандар қор қалды ау біреудің тым жақсы баласын😢

aigylaset
Автор

Алла сактасын. Ата-анасына сабыр берсін. Тым жақсы баланы қор қылып қойды ☹️. Осыдан кейін қалайша баламызды әскерге жібереміз.

АйнурБулесова
Автор

Сұмдық ай..жап жас әп әдемі бала..обал болды...Қазіргі армия бала бақша дейтіндер бар...Міне, қортынды жауап.Қайда олардың: камера бар, қатаң бақылауда бәрі дейтіндері.Құдай шипасын берсін.Жазылады, қалпына келеді деп, үміттенем.Айтуға оңай әрине..қиын жағдай.
Бәрі жақсы болсын.Тілектеспін.

РозаПолат-юы
Автор

Құдай жазасын берсін! Құдай қорласын малдарды! Тым жақсы , сап сау жігітті ауыру қылып жіберген. Әділет жоқ! Кек алу керек. Самосуд!

Өнерәлемі-фф