ТАҢЕРТЕҢ АШ ҚАРЫНҒА ЖЫЛЫ СУ ІШСЕҢІЗ НЕ БОЛАДЫ? СУ ІШУДІҢ ПАЙДАСЫ...

preview_player
Показать описание
Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода ашқарынға су ішудің адам денсаулығына мол шипасын білетін боласыздар. Видеоны соңына дейін көріңіз! Сіз естіп білмеген ақпараттар бар.

Су – Жердегі өмір көзі. Судың адам денсаулығына пайдасы көп. Суды дұрыс ішудің бірнеше ережесін білсеңіз, оның пайдасын еселеуге болады. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан жылы су ішуді әдетке айналдырсаңыз, ағзада жағымды өзгерістер орын алады.

Ашқарынға су ішудің пайдасы:

1. Ағза тазарады
Түнде ағза демалып қана қоймай, токсиндерден тазарады. Ал аш қарынға су ішу бұл процеске көмектесе түседі. Оған қоса, жүйелі түрде су ішу бұлшықеттер жасушалары мен жаңа эритроциттердің өңделуіне ықпал етеді.

2. Көңіл күй жақсарады
Аш қарынға ішілген судың токсиндерді шығару мен ағзаны «іске қосу» қабілеті адамның эмоциялық жағдайына да жағымды әсер етеді. Су жүйке жүйесіне жанама әсер ете отырып, ашушаңдықты басады және ұйқыны ашады.

3. Жүрек жұмысына көмектеседі
Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының ең кең тараған түрлеріне инфаркт пен инсульт жатады. Олар, әдетте, қандағы сұйықтық мөлшері аз болғандықтан қан ұйықтарының түзілуінен пайда болады. Жүйелі түрде аш қарынға су ішу қантамырлар жүйесіне жағымды әсер етеді және инсульт қаупін төмендетеді.

4. Асқазан-ішек жолы ауруларын алдын алады
Қыжыл немесе асқазан-ішек жолының басқа да жағымсыздықтары көбіне асқазандағы жоғары қышқылдылықтың себебінен пайда болады. Егер аш қарынға уақытылы су ішсеңіз, ол қышқылды сұйылтады және жағымсыз сезімдерден арылтады. Сондай-ақ асқазан таңғы асқа дайындалады.

Су адам миына қалай әсер етеді?

5. Зат алмасу жылдамдайды
Арықтағысы келетіндер немесе асқазан жұмысын реттегісі келетіндер үшін зат алмасу процесін бақылау маңызды. Егер ол жеткілікті түрде жылдам болмаса, судың көмегіне жүгінуге болады. Аш қарынға ішілген су зат алмасу жылдамдығын 30%-ға арттырады.

6. Тері жағдайы жақсарады
Сыртқы келбетіңіз жақсы көрінгенін қаласаңыз, алдымен ішкі жағдайға мән беру керек. Бұл жерде ағзаның су тепе-теңдігін ұстап тұру маңызды рөл атқарады. Әйтпесе, тері құрғақтанып, ерте әжімдер пайда бола бастайды. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан су ішу арқылы тері жағдайын жақсартуға болады.

7. Шаш саулығын сақтайды
Ағзаға су жетіспесе, ол шаштың сыртқы жағдайына, оның өсуі мен қалыңдығына негатив әсер етеді. Сондықтан шашыңыз мықты болуы үшін жеткілікті түрде су ішу керек.

8. Бүйрек ауруларын алдын алады
Бүйректердің сау болуы ағзадағы су тепе-теңдігінің қалыпты болуымен тікелей байланысты. Аш қарынға және күні бойы уақытылы су ішіп тұру зәр мөлшерін арттырады. Соның себебінен бүйректерде болуы мүмкін минералдар сұйылады. Осылайша, тастар түзілуінің немесе қабынулар пайда болуының алдын алуға болады.  

9. Иммунитет нығаяды
Көптеген аурулардың пайда болуы тікелей иммунитет жағдайымен байланысты. Аш қарынға ішілген су лимфалық жүйелер теңгеріміне жағымды әсер етеді.

#денсаулық #ем #қазақша #судыңпайдасы
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Пайдалы кеңестеріңіз үшін рахмет, Алла разы болсын

СагираКамбарова-жч
Автор

Негізі, суды тәбетпен ішкен өте дұрыс, жай ішкеннен.Өйткені іш кұрлысыныздын барлык жеріне сінеді.

ФарменТайипов-фр
Автор

Сізге көп көп.Рахмет.Алла разы болсын.Алла Тағаланың нұры жаусын.

РакымбекНиеталиев
Автор

Ассалаумағалейкүм! Видеоны соңына дейін қарауыңызды сұраймыз! Достар желтоқсан айына дейін 50 мың оқырманға жетуге ат салыңыздар!. Ол үшін арнаға тіркеліп, Лайк басып қолдау білдірсеңіздер! Сіздердің болмашығана оп-оңай әрекетіңіз бізді шабыттандырады. Қазақ контентін қолдап кетіңіздер!.

dertkedaua
Автор

Рахмет! Өте керемет кеңес! Көп-көп рахмет👍🖐❤

СаниИбрагимова-те
Автор

Рахмет өте пайдалы кенес., осындай кенестер көп болсын.

bakytisakova
Автор

Осындай пайдалы кеңестеріңіз үшін көп көп рахмет.

Шайхы-ыз
Автор

Үлкен рахмет жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын Сіздерде ауырмаңыздар Алла разы болсын

An-fvqz
Автор

Суды ішкің келгенде ішу керек өзіңді қинамай жануарлар өзін зорлап ішпейді журек давл ауырмаиды

-
Автор

Рахмет. Отте пайдалы кенес. Алла разы болсын

ЖанагулЕсенова-фт
Автор

Суды қайнатса, зияндыда, зиянсыз пайдалы заттарда жойыладығой

ЖаннаНуркежанова
Автор

мен күнде жылы су ішіп күнімді бастаймын өзіме өте жағымды сезім береді

makzhansaduov
Автор

Фильтрден өткенкайнамаган жылы су ішу керек

ЖакеКадиров
Автор

Өттін алдырған адамдарға таң ерте жылы су ішіуге болиаиды диді сол қаншалықты дұрыс.
Менде өт жоқ, не жауап аиталасыңызба.

УлмекенУразбаева-ья
Автор

Жылы су ішкенен кейін үнемі ұйықым келеді неге екенін білмеймін😅

Murat_Dina
Автор

Тамақтанып болған соң қанша уақыттан кейін ишү керек жылы суды

ГульнараАйтбаева-гф
Автор

Сау адам некылады, асқазан ауырғасын ышедыда

СалладинМуса
Автор

Ассалаумуағалейкум тек таңда ішу қажетпе әлде түсте кеште астың алдында ішседе болама

DastanBuketov-zf
Автор

Неше ай болды.мен танертен кайнаган суды суытып.жылы куйинде ишемин.набарот семирип кеттим.тангы астан бурын 10.15мин бурын иштим

АйсулуТулепбергенова-ыв
Автор

Еееее бәсе неге азанмен күле беремін десем .И түнімен туалет шақыра береді ғой .

СултанСулейман-ос
welcome to shbcf.ru