Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар ауданымыздағы мектептерде қалай меңгерілуде?

preview_player
Показать описание

Аталған жаңашылдықтар ауданымыздағы білім ордаларында қалай меңгеріліп жатқандығын білу мақсатында біз Қаскелең қаласында орналасқан А. Байжанов атындағы орта мектептің директоры Әйгерім Теміржанқызымен сұхбаттастық.
Директордың айтуынша, бүгінде ауданымыздың білім ордаларында оның ішінде А. Байжанов мектебінде көптеген өзгерістер орын алған. Ең жақсы жаңашылдықтың бірі – ол мектеп табалдырығын алғаш рет аттап тұрған оқушылардың бірінші сыныпта тек қазақ тілінде білім алуы. Өйткені, енді ғана әріптерді толыққанды үйрене бастаған балаларға оны бірден үш тілде меңгеру қиынға түсетін. Бұған қоса, бірінші сыныптағыларға «Көркем еңбек» пәнінің қосылуы. Бұрынғы «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» пәндерін қосатын бұл сабақта негізгі басымдық білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға беріледі.
Сонымен қатар оқу бағдарламасына «Цифрлық даму», «Жаһандық құзіреттілік» сияқты жаңа пәндер енгізілді. Аталмыш пәндер көбінесе балаларды этика, медиасауаттылық, экологиялық мәдениет, патриоттық сезім және де цифрлық гигиена мен ақпараттық қауіпсіздікті үйретуге бағытталған. Оған қоса білім ордасында музыка пәнінің шеңберінде оқушылар өз қалауымен домбыра үйрене алады. Бұл ең бірінші кезекте өскелең ұрпақ арасында ұлттық нақыштарды насихаттау мақсатында жасалған.
Аталған жаңашылдықтардан бөлек бүгінде мектептерде балаларды білімге қызықтыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер берілген. Яғни, «ой – ойыннан басталады» демекші ұстаздар сабақтарды кітап оқыту форматында ғана емес, сондай-ақ, олардың ойын жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі ойын түрлерімен өткізеді.

Білім саласындағы жаңашылдықтар: оқушылар не үйренуде

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің бастамасымен еліміздегі білім ордаларына бірқатар ауқымды өзгерістер мен көптеген жаңашылдықтар енгізілген еді. Бұл өзгерістер ең бірініші кезекте балаларға берілетін білім сапасына артыруға және де елімізде қалыптасқан білім жүйесін дамытуға бағытталған болатын. Бүгін біз ауданымыздағы () білім ордаларының бірі Байжанов атындағы орта мектепке арнайы келіп, білім ордасының ұжымы мен оқушыларының жаңа пәндерге байланысты ойларын біліп қайттық.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Жаңашыл мектеп идеялары жалғаса берсін. Талантты шәкірттерімізге сәттілік!!!

ЖазираМукашева-йь
Автор

Білімді, талантты оқушыларымыз көбейе берсін 👍🏻👍🏻

Назерке-вс
Автор

Тамаша! Айгерім Теміржановна, іске сәт!!👍🏻👍🏻👍🏻

agjta
Автор

Айгерім Теміржанқызы нағыз жаңашыл, үнемі ізденісте жүретін әріптесіміз. Сізге шығармашылық табыстар тілеймін

ЕрланСейлханов-рд
Автор

Мектебіміздің мәртебесі өркейе берсін!
Талантты, дарынды балаларымыз көбейе берсін!

АйгульМаксутова-ор
Автор

Әйгерім Теміржанқызы бастамаларыңыз керемет!

АйнурНурғазы