Kosmuse - 15 минут ескі қазақша әндер #2

preview_player
Показать описание
00:00 Жарығым-ай
03:04 Жылама жаным
05:34 Аңсарым
08:24 Сен сұлу
09:55 Сүйген жүрек
12:40 Сен туралы

жүктеп алу үшін:

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп,
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Қ-сы:
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!

2. Қосылғандай екі өзен тасығанда
Таңғалмаймын жағаға асылам да,
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?

3. Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады толқындатып,
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

amankeldiayaulim
Автор

Жылама жаным

1. Күңіренген күзде, ұқсап тұрғандай бізге
Махаббаттың гүлі, солып қалды ғой түзде
Ренжімеші күзге, сен үмітіңді үзбе
Жүрегіңді тыңда, шын бақытыңды ізде

Жылама жаным, кінәламағын
Тағдырыңның сенің мұнды еткенін
Жылама жаным, атады таңың
Сенің де келер бір көктемің

2. Өкпелейсің кімге, қосылмас ай мен күн де
Мәңгі бірге болу, жазылды дейсің кімге
Мен кетермін жырақ, тамшы мұң болып құлап
Күзгі жаңбырменен, келіп тұрармын бірақ

dianaaprel
Автор

Баланы уйыктататын тагы бир жинак ура🎉

aisharakhtay
Автор

Менің еңбектенуіме күш береді. Рахмет KOSMUSE!. Дауысыңыз сондай жағымды және тыныштық пен рахат сыйлайды.

barmenbazar
Автор

Сені іздеп күнім жиекке жығылады
Қызыл да жасыл дүние құбылады
Жанарыма кеп түйір жас тығылады
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім
Алмасып күнмен, көгімде ай қалады
Терезесінен көңілдің ай қарады
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады
Мен емес, сені қара түн аймалайды
Жарық күнім ең, жылытқан бар ғаламды
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы?
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім (О-о-о-о-оу)
Сағындырған
Күнім менің
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған (Уау-уау-уа)
Сағым болған менің көктемім
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім
Хо-о-о-о-оу

Karina-iosb
Автор

наконец-то жана андер коп куттирдинизгой

dananishimuraaa
Автор

Көңілім ұшады құстай көргенде өзіңді
Арманда қалдым арман ай
Айта алмай сөзімді
Көргенде сені көргенде сені
Нұр бейнең жалт-жұлт етеді
Күннің сәулесіндей
Сезімін саған жетеді
Жұлдызы жарық түндей
Саған жетеді саған жетеді

Қайырмасы
Әлі талай талай таңдарды
Өткізерміз екеуміз
Мына жалған жалған өмірде
Армандарға жетеміз

Тағдыр бізді тар жолға тастады ма жаным?
Сендей мендей жандарға арналар бұл әнім
Арналады әнім арналады әнім

Қайырмасы
Әлі талай талай таңдарды
Өткізерміз екеуміз
Мына жалған жалған өмірде
Армандарға жетеміз

burrkitova
Автор

1 и 2 видео у меня всегда на повторе😍у вас особенный голос, без напряжения, так легко поете о красивом👏🫶🏻и кстати я впервые поняла слова многие, и поняла смысл песен🥲🤍

bad.aiym.k
Автор

😍 дауысы құлаққа жағымды. Күнде таңертең тыңдаймын космюсты. Жаңа каверлер көптеп шығарыңызшы🥰

farizaassilbekova
Автор

Сүйген жүрек - өмірдегі тірек,
Күні-түні соғар
Саған бақыт тілеп.
Сүйген жүрек - сағынған, жылаған
Жүрсін деп дін-аман
Тәңірден сұраған.
Сүйген сенің жүрегім,
Мен де мұны білемін!
Әмір жүрмес ғашық жүрекке,
Аймалашы аяулап,
Жан сезімім арай бақ,
Бұдан асқан бақыт керек пе,
Аңсап сені сүйген жүрекке?
Сүйген жүрек -
Бір саған асыққан.
Ол үшін ғұмыр - мұң,
Ол үшін күн - думан.
Сүйген жүрек -
Таусылмас асыл ән
Сол сүйген жүректі
Мен саған ұсынам...
Сүйген сенің жүрегім,
Мен де мұны білемін!
Әмір жүрмес ғашық жүрекке,
Аймалашы аяулап,
Жан сезімім арай бақ,
Бұдан асқан бақыт керек пе,
Аңсап сені сүйген жүрекке?
Сүйген сенің жүрегім,
Мен де мұны білемін!
Әмір жүрмес ғашық жүрекке,
Аймалашы аяулап,
Жан сезімім арай бақ,
Бұдан асқан бақыт керек пе,
Аңсап сені сүйген жүрекке?

айгеримумирзакова-гп
Автор

Жарығым-ай

1. Жалт етеді бір үміт тайып беріп, Жалынамын жанымды жайып көріп, Қаным сыймай барады арнасына Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Қ-сы: Жарығым-ай, Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай, Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай

2. Қосылғандай екі өзен тасығанда Таңғалмаймын жағаға асылам да, Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп, Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?

3. Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып, Толқын кетіп барады толқындатып, Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің Жағалауын тебеді солқылдатып.

aidanasovet
Автор

оооо тағы бір бөлім кайф😍😍😍😍😍 тағы шығарыңызшы

АружанАмановна
Автор

ЖАРЫГЫМ АЙ оленын болеек шыгарсаныз жаксы болар еды

bibygylbaimakhan
Автор

Единственное пожелание: можно тише переключатель между песнями?) а то ребенок засыпает и резко просыпается от перехода😅😅

Gulmira-cb
Автор

Табылды Досымовтың (Ұнатамын мен сені!)әнін айтшы брат

Saxxesx-szz.t.