QazVac қазақстандық вакцинаны әлем елдері қашан мойындайды?!

preview_player
Показать описание
Әлемде КВИ-дің 171 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 392 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,5 млн астам адам қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші – 2,1%. Әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 104 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша соңғы төрт аптада Қазақстанның позициясы 5 бірлікке жақсарды – 107-ші орыннан 112-ші орынға ауысты.

Жалпы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың төмендеуі жалғасуда. Соңғы аптада КВИ жағдайларының саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін немесе өткен екі аптамен салыстырғанда 21%-ға төмендеді. Соңғы айда сырқаттанушылық 1,6 есеге төмендеді.
Бүгінгі күні елде вакцинаның 3,2 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 131 519 адам егілді, бұл тиісті халықтың 21%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды.

Егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Бірінші компоненттің 330 мың доза, екінші компоненттің 811 мың доза вакцина бар.

Маусым айында КВИ вакцинасының 2 млн-ға жуық қосарлы дозасы жеткізіледі деп күтілуде, қытайлық «CoronaVac» вакцинасының 500 мың дозасы алынды. Осылайша Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады.

Үкімет бұған дейін мамыр айында екі миллион адамды вакцинадан өткіземіз деп мәлімдеген еді. Билік сәуір айында да солай деп мәлімдеген.

Елде ресейлік "Спутник V" вакцинасымен қатар қазақстандық QazVac және БАӘ-де өндірілген қытайлық Sinopharm компаниясының Hayat-Vax вакцинасы пайдаланылып жатыр.

Бірақ вакцина-вакцинамен. Екпе салғаннан кейін, қайтыс болған бірнеше жағдайлар да елімізде тіркелді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, жоғарыда аталған өлімдер тікелей вакцина себебінен емес, әрбір жағдай өзгеше деп дөп айтты. Сонымен қатар, оның сөзінше, егер өлім вакцина әсерінен екені дәлелденсе, онда ол вакцина түрін егуді тоқтатуға шешім қабылдау мүмкін деп айтқан болатын.

Қазақстандықтар биыл да қажылыққа бармай қалуы әбден мүмкін. Сауд Арабиясы тек вакцинациядан өткен адамдарға кіруге рұқсат берді. Бірақ QazVac және «Спутник V», тіпті Hayat-Vax вакциналары бекітілген тізімге енбеген.

Қажылық барлық санитария нормалары мен шектеулерді сақтай отырып өтеді.

Әзірге қанша мұсылманға қажылыққа баруға мүмкіндік берілгені туралы нақты ақпарат жоқ. Белгілісі, Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna препараттарын салған шетелдіктер ғана кіре алады.

Жағдайды қиындататын тағы бір нәрсе – ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ. Жоқ дегенде бар, бірақ билікке ол керек пе?
Сонымен қатар, мұсылмандардың кейбірі елдегі вакцинаның бір түрін салып үлгерді, ал Еурокомиссия бекіткен препараттарды шартты түрде басқа елде жасауға ниеттенсе де, енді сала алмайды. Себебі, басқа екпенің бірінші компоненті егілген.

Қорытындылай келгенде, коронавирус жағдайы елімізде әлі де ауыспалы болып келеді. Ресми статистика бір жағдайды суреттесе де, жалпы жағдай басқа болуы ықтимал. Ал вакцина салғандар абай болуы керек, себебі, оны егу ертең өлімге де алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, екпе егіп, шетелге емін-еркін шығудың амалы да емес екені, қажылық жағдайы дәлелдеп отыр. Қалай, не болса да, аман болыңыздар! Сақ болыңыздар!

#қажылық2021 #ҚалиӘубәкіров #QazVac
Рекомендации по теме