Түрмедегі медицина бөлімдерінің жұмысы өзгерді

preview_player
Показать описание
Өскемендегі ОВ-156/1 тергеу изоляторындағы медициналық бөлім, толықтай Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтті. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойынша, осындай 9 бөлімнің жұмысы ауысады. Бұрын полицей формасын киген әскери дәрігерлер, енді кез-келген емханадағы әріптестері секілді еңбек етеді. Бұл өзгеріс, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес жүзеге асып жатыр. Жалпы еліміз бойынша, биыл Ішкі істер министрлігіне қарасты 16 тергеу изоляторының медициналық бөлімдері Денсаулық сақтау министрлігіне өтеді.

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Рекомендации по теме