Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жоспары қандай?

preview_player
Показать описание
Бұдан былай ғылыми зерттеулер жұмыстарына көбірек көңіл бөлініп, Ұлттық академияның мәртебесі көтерілмек. Бұл, жаңадан тағайындалған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жоспары. Бұрынғы білім министрі бастаған жобалар әрі қарай жалғаса ма? Әсіресе, сапасыз білім беретін жоғарғы оқу орындарын лицензиясынан айыру жұмыстары қалай болады? Жаңа министрдің жоспарын Өмір Серікбекұлы біліп келді.
Бүгінгі үкімет отырысы министрлер кабинетінің жаңа мүшесі Саясат Нұрбектің ант беруімен басталды. Жаңа министр әлі жалақысының қанша екенін білмейді. Дегенмен, алақанын қасып, оны ақшамен емес жұмыспен байланыстырды. Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрлігі нақты бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтінін айтады. Алғашқысы, ұлттық академияның мәртебесін арттыру, университеттердегі ғылым деңгейін көтеру және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландырумен айналысады. Жаңа ведомства басшысы ойда жүрген бірнеше бастамаларды іске асыруға зор мүмкіндік туып отыр дейді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
– Соңғы 15 жылда жинаған бүкіл ұсыныстарым, білесіздер мен «жаңа мамандықтар атласы» тәрізді Болашақ бағдарламасының үлкен жаңа моделін жинақтап қазір маған жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік берілді. Сондықтан, маған, алақаным қышып жатыр. Сол өзімнің бастамаларымды, пікірлерімді жүзеге асыруға бірінші рет өмірімде мүмкіндік берілді.
Саясат Нұрбек осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бастамаларын да жалғастыратынын айтты. Ең шулы мәселе, елдегі білім сапасы төмен жоғарғы оқу орындарын лицензиясынан айыру жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ал, арқасынан біраз жүк түскен Асхат Аймағамбетов бұдан былай балабақша мен мектептерге жауап беретін болды. Бірақ, біз ойлағандай жұмысы азаймаған екен. Жалақысы да бұрынғыша қалыпты.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Оқу-ағарту министрі:
– Балалардың құқықтары мәселелері бар. Енді жалпы, біз бір жастан 17-18 жасқа дейін жауапкершілік бізде. Сондықтан, жалпы жауапкершілік те, жұмыс та азайған жоқ.
Қос министрліктің жұмыс сапасын енді уақыт көрсетеді. Еске салайын, шілде айында президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Премьем-министр барлық әкімдер мен министрлерге осы отырысқа дайындалуды тапсырды.
Өмір Серікбекұлы, Дидар Елеуов

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#БҒМ #СаясатНұрбек
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Екі министрге де сәттілік тілейміз! Жүзі жылыдан түңілме деген. Жаңа танысқан министр де қарапайым, адал жан сияқты. Халықтың үдесіген шығып, елдің болашағы үшін жақсы қызмет атқарсын деп тілейміз! Асхат мырзаны бұрыннан білеміз, және де сенеміз!

Yerkinshe_Kharlyga
Автор

Асхат Аймағамбетов мырза мықты да білікті маман, керемет министр👍 Саясат Нұрбек мырзаға жаңа жұмысына сәттілік тілеймін!

mikommm
Автор

Асхат Аймаганбетов билимди министр Елине елеули Халкына калаулы Министр Аман болсын Аман журсин Аллахым жар болсын

СанбибиНурдовлетова
Автор

Асхат Қанатұлы бауырым!! Аман болыңыз! Еңбегіңіз жансын!!

СаулеАлдабергеновна
Автор

Кім болсада Адал, Білімді, Іскер жастардың болашағын шын жүрегімен ойлайтын, Өз бастарының дәрежесін ойламайтын Адамдар болса!Қазақстанның болашағы осы кісілерге қарап отырғанын түсінсе, Жастарды уайымдамас едік...Лайым солай болғай!

ГулнарНигметова
Автор

Асхат Аймагамбетов білімді байсалды жас болганымен алыстан көретін азамат. Колы кыскармай алдыга койган максаттарын жузеге асырып жастардың білімін біліктендіріп алгыска бөленсін. Колдаймын

РозаЖандыбаева-шц
Автор

Қос министр, Екеуі бір адамдақ жалақыны бөлісіп аларма екен.
Аналайын ала-аяқтарға сенген, аңқау Халқымай.

АсылбекЖаппаркулов
Автор

Мысли в Кипре он работать НЕ БУДЕТ КАРУПЦИЯ.

ЖансерикЗейнурович