filmov
tv
«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі
Показать описание
2009 жылы құрылды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 13 кәсіби маман жұмыс жасайды. Ансамбльге «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгісінің иегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, баяншы Нұрбай Нұрғиса жетекшілік етеді. Ансамбль солисі Э.Қалқожаева.
2011 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыкалық фестивалінде дипломант атанса, сол жылы Қызылорда қаласында өткен халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясындағы бағдарламаларда өнер көрсетіп, Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» бірлестігі мен облыс әкімінің арнайы сертификатына ие болды.
2014-2015 жылдары наурыз айында Түркияда өткен Түркі тілдес елдердің Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында өнер көрсетіп, Түрксой халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды.
2015 жылы «ТҮРІКСОЙ» Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркияның Анкара, Стамбул, Болу, Адана, Амася, Самсун қалаларында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде өнер көрсетті.
2017 жылы «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген Қызылорда облысының мәдениеті күндерінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғысымен марапатталды.
2017 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай өткен «JUBANOVTAR AYENI» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері және ансамбльдердің фестиваль-байқауынан Бас жүлде иемденді.
2018 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің қатысуымен Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күніне, сондай-ақ Ю.Гагариннің ғарышқа ұшқанына 58 жыл толуына орай өткен іс-шарада өнер көрсетті.