Алматы полициясы балаларға ЖҚЕ туралы жадынамаларды әзірледі

preview_player
Показать описание
#dp_almaty #polisiakz #qriim_mvdkz #qriim_mvdrk
#vazhno_znat #nashapolisia #skazano_sdelano

Алматы полициясы балаларға ЖҚЕ туралы жадынамаларды әзірледі

Күзгі мерекелер қарсаңында комикс форматында ЖҚЕ туралы түрлі-түсті жадынамалар әзірленді.
Олар күзгі мереке қарсаңында қаланың жалпы білім беретін мектептеріндегі бастауыш сынып оқушылары арасында таратылды.
«Мақсат – балалардың қала көшелерінде өзін-өзі ұстау ережелері туралы білімдерін бекіту, көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыстың тұрақты дағдыларын дамыту және жолда өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Түсіндіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінеді. Мектеп каникулдары басталмас бұрын бастауыш сынып оқушылары арасында тақырыптық сабақтар өткізілді. Балалар жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін кеңейтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті, жолдан қалай дұрыс өту керектігін айтты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін ЖҚЕ туралы суретті бояғыш кітаптар, буклеттер және брошюралар әзірленді. Сондай-ақ балаларға шағылыстыратын кеудешелер мен басқа да киім-кешек заттары берілді», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Құлбаев.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарының бірі оны жүзеге асыруға жүйелі көзқарас болып табылады. Білім беру мекемелері балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізгі буындары болып табылады және жол қауіпсіздігі мәселелерін шешуге жан-жақты көмек көрсетеді.
«Жыл сайын қалада көліктер көбейіп келеді. Ал жолдардағы жағдай кейде қиынға соғады. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау полицияның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Біз оларды қорғау үшін барлығын жасауға міндеттіміз және көшелерде, жолдарда және көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыстың қажетті білімдерін, дағдыларын және әдеттерін қолжетімді түрде жеткізуге міндеттіміз», - деді, полиция полковнигі Құлбаев.

———————————————————

Детские памятки о ПДД разработаны полицией Алматы

Красочные памятки о ПДД формате комиксов разработаны накануне осенних каникул.
Тиражированы они среди учащихся младших классов общеобразовательных школ города накануне осенних каникул.
«Цель - закрепление знаний детей о правилах поведения на улицах мегаполиса, сформировать устойчивые навыки безопасного поведения на улице, воспитать чувство ответственности за свои поступки на дороге. Немаловажное внимание уделяется разъяснительной работе. Перед началом школьных каникул среди младшеклассников проведены тематические занятия. Детишки расширили свои знания о правилах дорожного движения, делились своим опытом, рассказывали, как правильно нужно переходить проезжую часть. Кроме того, для школьников разработаны иллюстрированные раскраски, буклеты, брошюры о ПДД. Также детишкам розданы светоотражающие жилеты и другие элементы на одежду», - сообщил начальник Управления административной полиции ДП города Алматы полковник полиции Асхат Кулбаев.
Одним из основных принципов обеспечения безопасности дорожного движения провозглашается системный подход к его реализации. Образовательные учреждения являются основными звеньями системы обучения, воспитания детей и оказывают посильную помощь в решении задач по БДД.
«С каждым годом в городе становится все больше машин. И ситуация на дорогах, порой, бывает непростой. Поэтому одна из главных задач полиции – сохранение жизни и здоровья детей. Мы обязаны сделать все для того, чтобы обезопасить их и доступными способами донести необходимые знания, умения, навыки и привычки безопасного поведения на улицах, дорогах и в транспорте», - резюмировал полковник полиции Кулбаев.
Рекомендации по теме