§3 ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС. Химиялық реакция белгілері жүру жағдайлары 7-сынып Химия

preview_player
Показать описание
Бір заттан басқа зат түзілсе ол химиялық құбылыс.
Химиялық құбылыс кезінде реакцияға түскен заттардың құраушы бөлшектері ыдырап, жаңа бөлшектер түзіледі, соған сәйкес жаңа заттар пайда болады.

Физикалық құбылыс кезінде заттардың молекулалары өзгеріске
ұшырамайды.
Мысалы, су буланғанда молекулааралық байланыс үзіліп, олардың арақашықтығы үлкейгенмен, молекулалар өзгеріске ұшырамайды. 

Біз химиялық реакцияның жүргенін сыртқы белгілері арқылы білеміз. Олар: жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі (кейде жарықтың), түсінің өзгеруі, газ түзілуі, иіс бөлінуі, тұнбаның пайда болуы.

Химиялық реакциялар жүруі үшін мынадай шарттар орындалуы тиіс:-

Заттарды тығыз жанастыру,
Ұсақтау (еріту),
Қыздыру (кейде жарық беру)
Реакция жылдамдығын арттыратын заттар қосу.

Экзотермиялық реакция - жылуды бөле жүретін реакциялар.(+Q)

Эндотермиялық рекциялар - жылуды сіңіре жүретін реакциялар.(-Q)
Ақбота Бойтан
Инстаграм сілтеме:

Ohimia.Kz

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Өте керемет👍🏻👍🏻👍🏻. Маған пайдалы болды👏👏👏.Рахмет😄😁

qwertayq
Автор

Сәлеметсізбе? Тек таза заттарды жазып жібересізбе ? Алдын ала рахмет

ЕржанТурсунбаев-кж
Автор

Физикалық құбылыс белгісі деген болады ма?

nurikking
Автор

Каналдың атын күшті тапқан o homie, ohim ia

quran_time
Автор

Физикалык кубылыстар коршаган оли табиғатта болып жататын озгеристер

МейрамкульСисембаева-пг