filmov
tv
Қаңтар оқиғасы: «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты

Показать описание
Қаңтар оқиғасы кезінде «адам ұрлау», «билігін асыра пайдалану», «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» баптары бойынша айып тағылған 44 адамға сот үкімі шықты. Сот «Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі Арман Жұмагелдиевке – 20 жыл, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге 8 жыл жаза кесті. Осы іс бойынша айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің V департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға түрмеге қамалды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот бұл үшеуінен өзге, осы іс бойынша айып тағылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, оларды бір жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
---------------------------------------------
#Жаңалықтар #жаңалықтар2025 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал