Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына университет дәрежесі берілді

preview_player
Показать описание
Еліміздегі университеттердің қатары тағы біреуімен толықты. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бұдан былай университет дәрежесінде жұмысын жалғастырады. Оңтүстік аймақта мұғалімдер даярлайтын іргелі білім ошағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай ашып, жоғары білім беру саласын дамытуға бағытталған конгресс өткізді.

Жарты жылдық тарихы бар білім ордасында Баласағұн атындағы кешенді мұражай ашылды. Мұнда 500-ден астам жәдігерлер мен оқу орнының қалыптасу кезеңінен бергі құнды құжаттар қойылған.

Мұражайдың ашылу салтанатына белгілі ғалымдар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ұстаздар мен түлектер жиналды. Олар бүгінгі күнге дейін қызмет етіп, білім беру ісіне сүбелі үлес қосқан тұлғалардың еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында аманат хатын қалдырды. Мемориалды тақтайша астына бекітілген капсуланы кейінгі буын 2067 жылы ашып оқитын болады. Ғалымдар бұл «Рухани жаңғырудың» жалғасы дейді.
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Салеметсызбе физкультура маманына окуга туссе калаи тусседы комектеснызшы хабарласынызшы

narimantemirgali