Мереке Қалбаева - Тәтті / Mereke Kalbaeva - Tatti / Балапаным байлығым / Балапаным байлыгым

preview_player
Показать описание
Мереке Қалбаева - Тәтті / Балапаным байлығым / Балапаным байлыгым / Татти Мереке Калбаева
#тәтті #балапан #татти #мереке #мультики #балапанымбайлығым #мереке
#мерекеқалбаева

Достар бұл каналда өзіміздің әзілдер, қысқаметражды фильмдер, сериалдар, вайндар, жаңа әндер және де басқа желілерге жарияланбаған видеолар болады. Сол үшін де:
- каналға тіркеліп
- лайк басып
- комментарий жазып
- қоңыраушаны басып қойыңыздар.
Сол кезде салынған дүниелерді алғаш болып көре аласыз.

Сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру үшін ашылған канал болғаннан кейін, сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Әрбір басылған лайктарыңыз, жазылған әрбір жылы сөздеріңіз бізді шабыттандырып, жаңа видеолардың шығуын жылдамдатары анық.
Сол үшін де қолдайық достар.

Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Керемет ән, керемет орындаушы. Балаларымызға арналған осындай керемет әндер көп шыға берсін🥰

DMS
Автор

Қандай керемет ән! Екі қайтарып тыңдадым❤

УтегеноваУтегенова
Автор

Маганда осы олен мен баламды уйктатыу буйырсын сиздердин катарларына косылып кеткеймин тезирек

ФатимаШеримбаева
Автор

Қандай тамаша ән!! Орындаушы да керемет екен🎉🎉🎉 қайталап тыңдадым ❤

Azhar-gsb
Автор

Мереке ханым сізге рахмет 😘❤.Көп көп осындай әдемі әндер шығарыңыз ... Інім осы әнді тыңдап ұйықтап қалды💋❤❤❤❤😘😘😘💗

ЕргазыБайказахов
Автор

Баламды кунде осы олен мен уйыктатамын, баска олендерге уйыктамайды.Оте керемет олен👏👏

ГульзатИбрашева-пъ
Автор

Мереке ханым сізге алғыс осы өлеңді шығарғаныңыз үшін рахмет ❤ бақыты болыңдар ❤❤❤❤

РаяМедербаева
Автор

2022жылдың күзі 4айлық ішімдегі баланы алдыртып тастады. Сыртым білдірмей күліп жүрседе, жанымның қалай ауырғаныын ешкім білмеді. Жалғыз қалғанда осы өлеңді тыңдап қатты жылап алатын едім, өкіріп. Баламды қолыма алғым келді, иіскегім келді. Ішімде бір әттең қалды.😢 Өмірім бос болып қалғандай еді. Жаңа туған нәрестелерді көргенде, қолыма алғым келіп тұратын. Жаным жылап тұратын… Ешкімге тілемеймін бұл басымнан өткіргенімді. Аллаға мың да бір шүкір 😭
2024жылдың жазы. Аяғыма салыып алып, кішкентай ғана балапанымды тербетіп отырмын☺️. Қуанышымда шек жоқ! Айналамдағының бәріне бәрібір болып отырмын. Аллаға мың да бір шүкір бақыттымын😊😊😊 Иісіне, қылықтарына тояр емеспін ☺️☺️☺️☺️ Масайтады…

ГРУППА_ЛУЧШИХ
Автор

Керемет олен. 👍👍👍Улым осы оленди тындап уйыктайды😍🥰

АсылСултангалиева
Автор

Рахмет 😘мереке апке інім осы оленмен ұйықтап қалды көп рахмет керемет өлен

ЖанарТаласова-ьц
Автор

Мереке тәтен ің бүкіл әні ұнамды ❤❤❤❤ сендерге үнаима

БатырУразбаев-ыь
Автор

Керемет ән, супер орындаушы, тәттісі бар тыңдаушылар❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥

Bibigul__
Автор

Алла Тағаланың бізге берген сыйысың! Екі дүниенің жақсылығын тілеймін өзіңе! Барлық жамандық атаулыдан аман бол! Алла жар болып, өмірің бақытты сәттерге, жетістіктер мен табыстарға толы болсын!Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға жарып бол!
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Атың шықсын алашқа – ай!
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйлі бол.
Қамын ойлап халқының,
Сұлтанмахмұттай сыйлы бол!
Шөжедейін жыршы бол,
Біржан салдай әнші бол.
Қажымұқандай елдің ері бол,
Ақандайын  сері бол.
Әлекеңдей заңғар бол,
Ақаңдайын абзал бол.
Міржақыптай сырбаз бол,
Мағжандайын маңғаз бол.
Сәкең сынды сұңқар бол,
Тұтат тектес тұлпар бол.
Жамбылдайын дүлдүл бол,
Күләштайын бұлбұл бол,
Қанышқа ұқсап кемел бол.
Бауыржандай батыр бол,
Рақымжандай батыл бол.
Марғұландай шежіре,
Қасымдайын ақын бол.
Бағың жанып, әрдәйым
Жақсыларға жақын бол

АйданаКултанова
Автор

Әмин, деп қол жайып,
Бата берем толғанып.
Баспанаңды бітірдің,
Еңбегің жанып оңдалып.
Жиһаз толсын ішіне,
Дос сүйсінсін ісіңе.
Мерейленіп ұйықтаңдар,
Жұмақ кіріп түсіңе.
Биік болсын төбесі,
Будақтасын өңеші,
Мықты ұстасын ағашы,
Әрбір қаққан шегесі.
Бақыт құсы үйірілген,
Той кетпесін үйіңнен.
Асқақтай бер қашанда,
Осы жақсы күйіңмен.
Қонақ кетпей үйіңнен,
Мерейің тасып өрлегін.
Отбасыларың аман боп,
Қиыншылық көрмегін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!

АйданаКултанова
Автор

❤коп рахмет.осы оленды немерлым жаксыс кореды.

СламбекБолаткалий
Автор

Менің балалық шағым Әр адамның қызыққа толы балғын шағы болады.Ол әрине біздің балалық шағымыз.Балалық шақтағы біздің іс әрекетіміз, ойынымыз естен кетпес қызыққа толы күндер болып артта қалуда.Әр адамның жүрегінде бұл естеліктер мәңгі сақталары анық.Біздің балалық шағымыз біздің дастанымыз, шытырманға толы хикаямыз. Жылдар зымырап адамдар ер жеткен соң балалық кезің аңсайтын болады.Ол кездегі достары, көңілді ойындары мен бастан кешкен талай балғын шақтары арқылы, жүрегімізде маңызды бір ерекше орын алады.Ол кездегі балалықпен істеген тентектігін мен бұзақылықтын өзі керемет қой, шіркін. Мен өзім бір отбасының жалғыз ерке қызы болып өстім.Балалық шағым қызық бір дастан дерсін.Балалық кездегі жасаған істерім, балалармен ойнап, көңіл көтергенім әлі есімде.Кейде сол естеліктерді еске алсам, қайтадан сол балалық шаққа оралсам ғой шіркін деп армандайтын кездерде болады.Біз балалық шағымызда асыр салып ойнап, көп көңіл көтеретінбіз.Ойынның қызығына түскеніміз соншалықты, уақытылы үйге кірудіде ұмытып кететінбіз.Жазда қуаласпақ, қыста қар атып, шаңғы тебу.Бұның бәрі біз үшін орындалуы тиіс ойындар еді.Мен үйдің жалғыз қызы болғандықтан ба, білмедім, әйтеуір спорт жағынанда қатты қызықтым.Ұлдармен бірге футбол ойнап кететін кездерім өте көп болатын, өте шапшаң қыз едім. Бұның барлығы менің балалық шағымның дастаны.Балалық шақ еске алуға тұрарлық нәрсе.Кейде осы балалық шағымды еске алсам, жәй түс көріп кеткендей боламын, балғын кезді сағындым. Адамдар балалық шақтан өтіп тезірек есейгенді қалайды.Өмірінің ең қызықты бөлшегі осы балалық шағы екенің бірі білсе, бірі білмейді.Балалық шақтан қош айтысқанда, әлі ақ сол балғын шақты сағынып, еске алатын боламыз.Есейіп, ер жеткенде менің осы сөзімді еске аларсыздар!

ЕркежанОнгарбек-йи
Автор

Рахмет Мереке тәте освндай өлеңдеріңіз көп болсвн қарындасым осы өлеңді естіп ұйықтап жатыр!!! 🎉

НурсултанСерик-шп
Автор

Сізге осы әдемі күннен кем емес керемет өмір тілеймін. Өмірде сізге сәттілік, сәттілік және махаббат болсын! Сізге аяғыңызда нық тұрып, жақын достарыңыздың иықтарын сезінуіңізді тілеймін! Үйге қайғы кірмесін, терезелерде жақсылық, махаббат пен өзара түсіністік күні жарқырап тұрсын❤️

Dakonai_kz
Автор

Өте керемет! Жаксы менің інім осы өленді тыңдап ұйықтап калады. Сізге рақмет Мереке ханым. Сіздің Тәтті деген өленіңіз

Арыс-ьх
Автор

Балалық шақ – адам өміріндегі ең ғажап уақыт. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. Көбіміз осы уақытты бағалай білмейміз, есеюге асығамыз. Үлкен кісілердің түсіне көбіне балалық шақтары кіретінін білесің бе? Балалық шақ қайта оралмайды. Меніңде балалық шағымның дәурені өтіп, үлкен өмірге қадам басар уақытым таяды. Бақытты балалық шақтың кепілі-сүйікті ата-анаң, бірге туып өскен бауырларың, жақсы көретін ата-әжең, жақындарың және жан достарың. Балалық шақ- ең алғаш деген сөзден құралады. Осы уақытта көп нәрсе байқап көргіміз келеді, көкке ұшардай сезім бойымызды билейді. Әр ізденісіміз, әр көрген нәрсеміз, бастан өткізген оқиғаларымыз бізді есейте береді. Бірге өскен достарыммен далаға шығып, ойнап, алысып, киім жыртып алып, құлап, жылап, талай қызықты бастан кешіп өстік. Балалық шақтың қызықтары мектепте де аз емес. Бірге оқитын сыныптастармен талай қызық пен шыжықты бастан кешеміз. Мектепті бітіре бере ғана, қасындағы балаларға қалай бауыр басып қалғанымызды түсінеміз. Жазғы каникул оқушының көптен күткен демалысы. Каникулды асыға күте, ауылды аңсаймын. Ол жақтада талай қызықтарым өтті. Ата-әжеме, туыстарыма және достарыма асығып барамын. Талай қалаларды да ата-анаммен қызықтайтын уақыт – осы жаз. Каникул біте сала үйге келгенде, өз үйің өзіңе сонша ыстық болып көрінеді. Сағыныш сезімі шығар. Қыс мезгілі де тамаша ғой. Сырғанақ тебу, коньки тебу өте ұнайды. Мен балалық шағым бақытты өтті десем қателеспеймін. Ал бақытты баланың жүрегі әрдайым мейірімге толы болады. Әр бала бақытты болуға лайық.

Бала кезіңізде қиялдап көрдіңіз бе? Жоқ десеңіз сенбеймін. Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Егер сен жанартауға құлап кетпеу үшін диваннан диванға ешқашан секірмеген болсаң, онда сенде балалық шақ болмаған деген сөз. Сонымен, балалық шақ – бұл… Ұйықтаудың арман емес, міндет саналуы. Мектептен келе сала терезеге қарап, достарынды көріп, даланы аңсауың. Бірақ, сен анаңмен сабақ оқуға тиіссің. Түн ішінде әжетханадан үйге қарата жүгіріп, ешкім жеп қоймады деп қуану! Ойыншықпен бірге ұйқыға жатарда, алдымен, сол ойыншыққа қолайлы болуын қарастыруың. Қағаздан, не жапырақтан ақша жасау. Батпақпен тамақ жасау. Шоколад сенің бетіңде, шалбарыңда, саусақтарыңның арасында, үстелде, пердеде, сосын бірақ асқазанда. Жаңа жылды күтесің, күтесің, күтесің… Он екіден жарты сағат өтер-өтпестен ұйықтап кетуің. Көрпе астына тығылуға болатын кез, және егер демалғаныңды білдірмесең, онда құбыжық таппайды деген сенім. Үйде ананнан немесе бауырларыңнан тығылу. Сен Хәрри Поттер немесе Винкссың, ал сені қарапайым мектепке жіберуі. Теледидардан отбасыңа мультфильмдерді көрсетіп қоюуың. Үйдегі бар тәтті саған тиесілі. Балалық шағың есте қалмаса, демек өміріңнің ең басты сәттерін ұмыттың деген сөз. Сондықтан, балалар өмірлеріңнің ең бақытты шағын, балалық шақтарынды бағалай біліңдер!

ЕркежанОнгарбек-йи