Diana Ismail — Auylym | Ауылым

preview_player
Показать описание


#DianaIsmail #Auylym #Ауылым
Рекомендации по теме
Комментарии
Автор

Бұл өлеңді тыңдап, тек жыладым. Кеудемдегі барлық сағыныш шыққандай. Қыз кездегі алаңсыз ата-анамның қасында тападағы нанын ыстық етіп үзіп, ортасын қолдың майын жағып, ыстықтай жейтінімді сағындым, әкемнің мені жылқысына отырғызып серуендеткенін сағындым, анам екеуміздің құрт езгенімізді сағындым, далада алаңсыз ойнағанымды сағындым, ағамның қырдан гүл әкелетінін сағындым, інімнің доп қуалағанын сағындым, ең қатты сағынғаным ата-апа еркелегенімді сағындым😢. Өлең үшін рақмет❤

Star-news.
Автор

Шіркін ай неткен әуен, үйлесім, дауыс… жүрекке жеткені ай!!! Ауылымды еске салып бир жылап алдым. ШҚяо, Зайсан ауд, Қаратал ауылы💖💖💖 тәтті балалық шағым, бақытты кездерім осы жерде өтті, апамды сағындым, қайта бари артқа оралса ғой😢

KokoKiki-bipu
Автор

Шіркін-ай сөзін кім жазды екен, барлығын суреттеп ❤

БаянБАЯН-гс
Автор

Мына әнді тыңдап көзіме жас келеді, букіл пейілі кең Қазағым көз алдыма келеді, е Алла Қазағымды өзің есіркеп, тұғырын биік кыла көрші😢🤲🏻🙏🏻😘

qwertyytrewq
Автор

Қандай керемет ән, орындауын айтсаңшы, барлығы сәйкес, үйлесіп тұр. Денем түршігім, бақилық болған әке -шешем, әпке -сіңілім еске түсіп бір жылап алдым. Недеген бақытты кездер десеңші. Әнді жазған және орындаған адамға үлкен рақмет!

Улбосын-ин
Автор

Тұрмыс құрып ұзаққа кеткеннен кейін ауыл туралы өлең тындасам көзге еріксіз жас келеді сағындырды ауылым Рахмет керемет өлең үшін

nauruzgylabdolla
Автор

Уайымсыз, қайғысыз
Шіркін -ай, балалық шағың екен ғой 😢😢😢😢😢😢😢😢

АйжанШегебаева-тж
Автор

Өскен жер кең ұяң
Бәрінен биік бағасы
Кәрі тау бөктері
Ағынды судың жағасы
Көк шалғын белі бар
Орманның қалың ағашы
Ауылым кең далам
Мен сол даланың баласы

Ауылым-ай жердегі жәннәтім
Мен өзіңе қайта көшемін
Көрпе төсеп қарсы алатын
Өлең төсегім
Еш қалаға мүлде тең келмейтін
Бәріне де ашық есігің
Құшағында мәпелейтін
Алтын бесігім

Сағындым ауылым
Самал жел ескен даламды
Сен жайлы саламын
Көкейде жатқан бар әнді
Естисің білемін
Ержеткен өскен балаңды
Шет кетсем өзіңнен
Көретін күнім қараңғы

Ауылым-ай жердегі жәннәтім
Мен өзіңе қайта көшемін
Көрпе төсеп қарсы алатын
Өлең төсегім
Еш қалаға мүлде тең келмейтін
Бәріне де ашық есігің
Құшағында мәпелейтін
Алтын бесігім

erkeserikqyzy
Автор

Күшті ән, орындау ❤әншіге мың алғыс тыңдай бересің, тыңдай бересін жалықпай👍👏

КуланияКошкарова
Автор

Мен бұл керемет әнмен бөпемді уйықтатамын!Сразу уйықтайды😅🎉🎉🎉🎉❤❤❤❤❤

СамалСайрамбекова-юъ
Автор

Ауыл - это самое прекрасное место на планете - Земля. Ауыл - это колыбель государства - Казахстан ! Благополучия и процветания тебе - ауыл ! ❤❤❤

Марьям-яыв
Автор

Қандай әдемі ән, жүрекке жететін, рахмеееет жаным әдемі орындап жүрекке жеткізіп орындаған әнің үшін, биіктерден көре берейік, сәттілік тілеймін 🤲🤲🤲

ЛәззатШәріпбаева
Автор

Шіркін ай қандай ақын шығарды екен бұл өленді. Диана қарындасымыздың даусына құйып қойғандай жарасымды екен. Алла разы болсын орындаушығада сөзің жазған адамғада әнді өндеп шығарған адамғада. Ән керемет.

СЕРИКБОЛКУСПАНГАЛИЕВ
Автор

Недеген керемет ән! алыстағы ауылыма қиалыммен бір барып қайттым, шіркін туған елдің тумса тәбиғатын сағындым, қайран Ілем, қасиетті Құлжам!

hurmetanuyar
Автор

Рахмет бұл ән үшін, мен өзімнің кіндігімнің қаны тамған жер Тамдыбұлағымды сағынып :балалық шағымды, әке-шешемді, бауырымды есіме түсіріп бір көңілімді босатып алдым.Ауыл деген қандай керемет, уайымсыз болған мектептегі балалық шақ, қырдағы қызғалдақтар, ауылдың тіршілігі, қазір ойласам, біздің уақыттағы кездер ең бақытты балалық шақ екен

ЖамиляСыдыкова-мы
Автор

Тамаша Ән! Әжем, Әкем өмірден кеткен ағайынды барлық көз алдымнан өтті. Жүрегімді езілді! Диана бақытты бол! Өнерін өрлей берсің!

-
Автор

Ne güzel bir ses, ne hoş bir şarkı ❤ Kazakistan şarkıları günlerdir beni içine çekiyor

YoneTR
Автор

Мынадай өлең, ән жазған кандай жүрек, жүрекпен айту Журегиме жетти.Карындасым не деген сулу сезимтал жүрек Сизде.Рахмет басымды иемін.

abduali
Автор

Қалааай керемет орындайт, сөздері өте күшті

МеруертАманбол
Автор

Мен ауылда өскен жоқпын. Қалада туылдым. Бірақ мына өлең ұнап қалды бірінші естігеннен. Диана молодец🥰

makhabbataly