filmov
tv
8 жасар ақын - Жамбыл Дүйсенов
Показать описание
«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2011» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
(28-қараша 2011, «Бейбітшілік және келісім» сарайы)
Мен -- қазақпын
Мен -- қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Мақтанамын анам туған тіліммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек пәк періште үніммен.
Мен -- қазақпын, ұлылардың көзімін,
Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен,
Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.
Мен -- қазақпын, мен -- ұлтымның ұлымын,
Мұқағали, Мұқтарлардың жырымын.
Басқа жанға бас имейтін тәңірден,
Мен азатпын, бір Алланың құлымын.
Мен -- қазақпын, жатты бауыр көремін,
Қолда барды қонағыма беремін.
Пенделікті пейіліме жеңдіріп,
Ертеңіме еш алаңсыз сенемін.
Мен -- қазақпын, алдаспандай өткірмін,
Елім десем, келмес қарап тек тұрғым.
Өкінемін өгейсітіп өз тілін,
Өзге тілде шүлдірлесе көп құрбым.
Мен -- қазақпын, шындық менің ұраным,
Шындықты мен алашым деп ұғамын.
Тілім, жерім, елім дейтін еңіреп,
Ертең мен де ата жолын қуамын.
Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,
Қара нар боп көтеремін жүгіңді.
«Қазағым» деп қарс айырылған жүрегі,
Бала Жамбыл -- мен боламын бүгінгі!
(28-қараша 2011, «Бейбітшілік және келісім» сарайы)
Мен -- қазақпын
Мен -- қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Мақтанамын анам туған тіліммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек пәк періште үніммен.
Мен -- қазақпын, ұлылардың көзімін,
Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен,
Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.
Мен -- қазақпын, мен -- ұлтымның ұлымын,
Мұқағали, Мұқтарлардың жырымын.
Басқа жанға бас имейтін тәңірден,
Мен азатпын, бір Алланың құлымын.
Мен -- қазақпын, жатты бауыр көремін,
Қолда барды қонағыма беремін.
Пенделікті пейіліме жеңдіріп,
Ертеңіме еш алаңсыз сенемін.
Мен -- қазақпын, алдаспандай өткірмін,
Елім десем, келмес қарап тек тұрғым.
Өкінемін өгейсітіп өз тілін,
Өзге тілде шүлдірлесе көп құрбым.
Мен -- қазақпын, шындық менің ұраным,
Шындықты мен алашым деп ұғамын.
Тілім, жерім, елім дейтін еңіреп,
Ертең мен де ата жолын қуамын.
Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,
Қара нар боп көтеремін жүгіңді.
«Қазағым» деп қарс айырылған жүрегі,
Бала Жамбыл -- мен боламын бүгінгі!
Комментарии